Джульеттаға хат

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 946
Джульетта – сезімнің тәңірі,
Құсаңды сезіндім іштегі.
Тағдырдың кездейсоқ әмірі,
Сезімнен қалайша күшті едің?!
Кей кезде мұң толып көзіме,
Баз кешіп кетемін тірліктен.
Бекінем, бармақ боп өзіңе –
Көз қадап тұратын бір нүктем.
Салмақ сап жыр толы жүрекке,
Жанымның жабығыс-наласы.
Жетемін мен қашан тілекке,
... Қайдасың, Верона қаласы?!
Түске еніп, Джульетта, есімің,
Өзіңе бет алғам мен-дағы.
... Таппаған махаббат есігін,
Адасқан жанмын мен, кем – бағы.
Тірліктің сан тарау – жолдары,
Сені іздеп адастым.
Жыладым.
Оң келіп уақыттың толғағы,
Табам ба бақытты – сұрағым?
Джульетта – музасы сезімнің,
Өлместей жаныма гүл ектің.
Сан соқпақ адасқан кезімде,
Бағдары сен болдың жүректің.
Тұрмайды маған бас иіп күн,
Бет алған бағытым – ағыс кіл.
Дертінен айықсын сүйіктім,
...және оны менімен табыстыр.
Сен жақта екен ғой мекені,
Бақыттың ақ қанат құсының?
Өзіңе қай күні жетемін,
Арманға айналды-ау мүсінің.
Махаббат құшаққа қапсырар,
(Елестер сондай сәт көзіме).
...Үйіңнің сыртына жапсырар,
Хат жазып отырмын өзіңе...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Джульеттаға хат өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Джульеттаға хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Джульеттаға хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Джульеттаға хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері