Рас па?

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Өкінішті сейілтіп,
Қасіретті сұйылтып,
Жолдама алып ертеңге,
Бақтан орын бұйыртып,
Келгендігің рас па?
Келмес деуші ем, бақ тіпті,
Мендік көңіл аптықты.
Арман тауы жағынан,
Алып маған шаттықты,
Келгендігің рас па?
Аңсауменен таң нұрын,
Мұңмен өткен әр күнім.
Айту үшін тек маған,
Махаббаттың барлығын,
Келгендігің рас па?
Кейде бордай езілдім,
Сүрінетін кезім мың.
Тербеу үшін мәңгіге,
Әткеншегін сезімнің,
Келгендігің рас па?
Жақсылықтың жемісін,
Тердің – сенің жеңісің.
Арман-күдік аралас,
Мына өмірге мен үшін,
Келгендігің рас па?!
Рас па?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рас па? өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Рас па? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Рас па? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рас па? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар