Аптаның балалары – Талап Таймасұлы

Бұл бетте «Аптаның балалары» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.05.2023
  • 0
  • 0
  • 824
Ал, кәнекей, санайық,
Балаларын Аптаның.
Орындарын табайық,
Сен де босқа жатпағын.
Ең үлкені - Дүйсенбі,
Барлығының басшысы.
Одан кейін Сейсенбі,
Дүйсенбіден жас кіші.
Үшіншісі Сәрсенбі,
Ішіндегі сәттісі.
Бел ортада Бейсенбі,
Балалардың нақ күші.
Жұма – ұлдың ұлысы,
Бар мұсылман сыйынған.
Сенбі бөлек ұлы ісі,
Бойына күш жиылған.
Кенже туған баласы –
Жексенбі ғой жігерлі.
Қанша бала санашы,


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар