Баста – madinaotkel

Бұл бетте «Баста» атты madinaotkel жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Баста, баста, бойда қайрат барында,
Күтпейді ғой, уақыт зырғып ағуда.
Сермейді ол қылышын сенің алдыңа,
Бейқам жүрсең уайымсыз, сол қайғы да. 
Қанатың қақ ұядан ұлы жолға,
Ұрпаққа бол үлгі тұтар дара тұлға.
Болмасаң да ұқсап бақ демеп пе еді
Даналықтың жаршысы Абай ата!?
Жігеріңді қайра да, тағы да ұмтыл,
Айтпа бекер, қалдым деп жағада тұл.
Тыңдата біл ақылыңды жүрегіңе,
Сыннан өткен сырдесте әдіс қой бұл. 
Дүниені ұмытып бір сәт ойға шомшы,
Жаныңа да азық керек, өмір қамшы.
Ескерту деп білемін парыз бізге,
Ал өзгесі қалады өз еркіңізге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар