Өлең, жыр, ақындар

Оян

Кенеттен, ойым бұзылды жүрек елжіреп,
Қарадым сыртқа, адамдар неткен безбүйрек...
Деп айқалап, шырқұрды бір жас бала...
Көздерінен сыбдырлы жас мөлдіреп.

Қасына барып, сабырға кел деп шақырдым,
Тыңдадым оның мұңдарын естіп, ах ұрып.
Алдамшы өмір, жетімек еткен сол жанды,
Қашып жүр екен, өгейлік көріп бас ұрып.

Қажыпты әбден, соққысынан тағдырдың,
Қамалыпты қапасына тар мұңның.
Шешімі оның, емі оның шын достық.
Іздеп жүр екен, сырласар адам, дос үнін.

Басылып, болып, келді ол біраз сабырға,
Жігерлі бол деп, берілме дедім еш мұңға.
Өтер де кетер, беймаза уақыт тынымсыз,
Өкінуге еш болмайды дедім тағдырға.

Айтты да, жылап, ерік берді көз жасқа,
Ұрғылап жүр шақшадай басын, тау, тасқа.
Ренжіген күйде, үйіне қайтты, жол тартып,
Сірә да оның, амалы жоқ еді еш басқа.

Тыңдадым, да ойланып, ұзақ отырдым,
Бақытты дедім, қалайша менің тағдырым.
Бекер ақ ренжіп, әке менен шешеге,
Түсінбей жүрміз, ата-ананың қадірін.

Без бүйрек болып, бара жатқан заманда,
Сыйлап, жүрейік, ата-анамыз аманда.
Кірбің түсірмей, ояныңдар бауырлар,
Қадірлейік, екі бақты, әмәндә...



Пікірлер (1)

Модератор

Енгізіп жатқанда: егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз