Әбу Насыр Әл-Фараби – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Әбу Насыр Әл-Фараби» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 3543
(870-950 ж.ж.)

Дүниенің тылсымын,
Қара жердің ұршығын,
Ұқтырдың-ау пендеге,
Көк аспан мен Күн сырын.
Бүкіл әлем бас иген,
Асыл текті шыншылым.
Жетпіс тілді меңгерген,
Жетпіс түрлі ел көрген,
Расытханаң әлемнің
Асылымен тең келген.
Ғазиза жырлар әуенге,
Сағынышы зерленген
Ордалы Ойдың бабасы,
Отырардың баласы,
Жер бетінің ұстазы,
Адамзаттың данасы.
Думандатқан бүгінгі
Түркістанға қарашы!
Сен болмасаң,бізді ешкім
Елемеген шамасы
Ғұламаны алымды
Тербеп жатқан Түркістан,
Азияда айдарлы
Көлбеп жатқан Түркістан,
Тойын тойлап бүгінде
Ерлеп жатқан Түркістан.

Әлқисса, музыка тілін терең меңгерген Әл-Фараби сазды (мелодияны) қағазға түсіру үшін таңбалар ойлап тапқан дейтін сөз бар. Бұл – бүгінгі музыкада қолданылып жүрген жеті нота – до, ре, ми, фа, соль, ля, си.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері