Кендебайға – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Кендебайға» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1026
«Өкінішті, оһ, қандай өкінішті»
Кендебай Ахат.

Қайран өлең қасқырдың өтін ішті,
Өлеңімнен қалғанын жетім ішті.
Өлең өліп барады өлкемдегі,
«Бұлқынғанмен бұза алмай бекіністі».
«Өкінішті, оһ, қандай өкінішті!»
Жамай алмай келемін кетік істі.
«Көке» дедім әркімге жаутаңдап құр
Байқай алмай бұзылмас бекіністі.
Сарғаюдан етім де бетім істі,
Жұт дегенің әлемде Жеті күшті.
Айналамды маймылдар жайлап алды,
Ал маймылдың, білсеңіз, көті мыс-ты.
Бітпес дерттің мендегі беті күшті,
Өзімді ойлап, еске алам тоты құсты.
Көкке қарап қол жайып көріп едім,
Петіршенің жан алғыш соты күшті.
Ақындардың дегенмен ниеті,
Алауыма арқардың еті пісті.
Өлең-жырдың тақырда ескерілмей
Қалып бара жатқаны өкінішті!!
«Оһ, қандай өкінішті!!»

4-шілде, 2006 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері