Бірдеңе қосатындай көшіңе мен – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Бірдеңе қосатындай көшіңе мен» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Бірдеңе қосатындай көшіңе мен,
Жындымен жынды болдың, есіл өлең.
Әркім тартқылаған төсіңе мен,
Жармасқанмен шандырдың несім емем?
Абайдан мынау әлем артылмаған,
Олардан аса алмаған салтың жаман.
Қалғанын Мұқағали жиып-терген,
Мәлім боп қалды бүгін артың маған.
Сен едің текті ақынды оңдырмаған,
Мен бе екем жон арқасын жондырмаған.
Керегі көген еді маған-дағы,
Несіне өлең шіркін қондың маған.
Міз бақпас айдындағы қалтқы-қалам,
Білмеймін, нені өмірден арттыра алам?
Менің де сен қызығар ештеңем жоқ
Көш кейін қу төсіңді тартқылаған.

1995 жыл, қыркүйек


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері