Кейде – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Кейде» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1108
Кейде
Жанымды су мен отқа салатын,
Сүйгені бір сәт жоқ болса – налатын,
Бағынбай өзгенің айтқандарына,
Жүрекпен жиі соттаса алатын
Сезімді тілдеймін.
Кейде
Бәріне-дағы шыдай беретін,
Беретін әр кез шырайға бетін,
Сабырлы жанды құдай көретін,
Төзімді тілдеймін.
Кейде
Әділетсіздікті көріп қалатын,
Жақсылықты іздеп өліп-талатын,
Өзгенің мінін бірден-ақ байқап,
Сұлулыққа ғана серік болатын
Көзімді тілдеймін.
Кейде
Тегіс жерде жүріп сүрінетұғын,
Ісінен мінезі білінетұғын,
Өзінің жанын жегідей жеумен,
Бермейтін ешбір күніне тыным,
Өзімді тілдеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері