Қызғанамын – Мәулітбек Ұлас

Бұл бетте «Қызғанамын» атты Мәулітбек Ұлас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Басқаның бағы болсаң да, қызғанамын,
Сөндіре алмай кеудемнің сыздағанын.
Күндей болып жылытып жүруші едің,
Айтшы қазір неліктен мұз жанарың?

Сен ұмытшы, мені еш ойламағың,
Тек мен ғана ойлауды қоймағаным.
Қаламаймын өзгелердің ғашық болып,
Тіпті сені түсінде ойлағанын.

Сезімімді ішіме жасырмайын,
Артық айтып, әсте мен асырмайын.
Жамбылдайын жырласам да жүз жыл бойы,
Теңеу таппас өзіңдей ғасыр-айым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері