Қарындасым – Мәулітбек Ұлас

Бұл бетте «Қарындасым» атты Мәулітбек Ұлас жазған бауыр туралы өлең берілген.

Қарындасым, қайда кеткен ұятың?
Тән саудалап, тапты ма екен мұратың?
Бет-аузыңды өзгерткенмен, бояп ап,
Жан дүниеңді кім бар екен жуатын?

Ақша көрсе, ар-намысын таптаған,
Жалаңаштап тәнін жұртқа сақтаған.
«Папиктердің» көлігінде шалқып жүр,
Қазағымның арулары мақтаған

қызық қылған түнгі сауық қаланы
екенсіңау ойын сауык маралы
мен көргенше жалтыраған саныңды
деп ойлаушем кыз екенау саналы

Жалтыратып жалаңаштап саныңды,
Сатқан едің сатылмайтын арыңды.
Түнгі клуб, ессіз күлкі, мастықпен, Өзгелерге арнадың ау барыңды

Жарқылдаған жарықтарға алданба
Тұзақ құру оңай мынау жалған да
Қарындасым, есіңді жи ендеше
Қадыріңді жоғалтып ап сорлама


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері