Алаулап аппақ сәулесі шайып маңайды – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алаулап аппақ сәулесі шайып маңайды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Алаулап аппақ сәулесі шайып маңайды,
Батар күннің арайы қызыл тарайды
Біртіндеп күрең көлеңке жапқан қою түн,
Ақтанды күтеді ағарып атқан арайлы.
Осыған ұқсас адамның кейбір сәттері,
Әсте бұрылып жылжымайды ол бір сәт кері.
Құбылғыш өмір құйыны қуған кезде тек,
Адасып ақыл шығады әптер-тәптері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері