Үзіндім – Мәулітбек Ұлас

Бұл бетте «Үзіндім» атты Мәулітбек Ұлас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болаттай темір, үзілмес арқан үзілдің
Асқар тау едің, бір сәтте ғана мүжілдің.
Айтқан ед атам, жолаушы жолдан
Екенсің сенде, жәй ғана менің үзіндім.

Жүрегің кетті... Жүрегің енді — жат мекен,
Жат демнің лебі соншалық тәтті боп па екен?
Жасап ең тірлік симайтын басқа,
Өзіңді емес, өзімді аяп кеттім мен...


Пікірлер (1)

Айзере

👍👍👍👍🥳🥳🥳

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері