Өлең, жыр, ақындар

Мұстафа Өзтүрік

Аңсап келген "Атажұртым, тегім" деп,
"Әкем, анам қимай кеткен елім" деп!
Тағдырымен таңғалдырған тарланның
Жаны қалды атамекен жерінде.

Салауатты күнге ұран тастады,
Тамсандырып егемендік жастарын.
Сенім мен Рух мектебінде ұрпақты
Саламатты болашаққа бастады.

Отаншылдық оты жанған көзінде,
Өзінде бар, өжеттігі - сөзінде.
Еміренген есіл ердің есімі -
Елжіреген жүректерде, сезімде!

Адамзат таң(ы) үшін
арнап өткен табысын.
Адалдық, Ар үшін
қайрап өткен намысын.
Мұстафа Өзтүрік -
Жаңа Күннің жасыны!
Мұстафа Өзтүрік -
Қазағымның асылы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз