Қарным ашып жүрген бүгін мәселе – Бақытгүл Қалдарбек

Бұл бетте «Қарным ашып жүрген бүгін мәселе» атты Бақытгүл Қалдарбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қарным ашып жүрген бүгін мәселе
Неге жүр өз саласын жақсы білмесе?
Үгіттейтін насихаттап ерлерді,
Имамдарым көбейіп барады еселе.

Адам болып, жақсы игі істерді,
Істеуге неге үгіттемейді ерлерді?
Әйелімен арпаластыра бергенше,
Салиқалы ұрпақты үйретсе тәрбиелі.

Жауапсыз еркектерге сан жетпес,
Көздейтіні имам айтқан төрт әйел
Қанатына алған соң қанғыртқаны несі
Тірі жетім, тірі жесір етіп кеңкелес.

Қазағым қазақ едік атам айтқан бір кезде,
Орыс болдық өткен отыз жыл сьезде
Енді араб болғанымыз қалып еді,
Тегімізді ұмытып ерген күнімізде.

Қазағым қазақ болар күн туары хақ,
Қыздарымыз тартар орамал болары ақ.
Тарихымызды, өткенімізді ұмытпай,
Ермейікші өзге елге сұрарым сол ақ.


Пікірлер (1)

Арман

Қазақ болып тумағанда нетер ем…

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар