Сенің бейнең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Сенің бейнең – сый-көрік,
Көңіл берді күйге ерік.
Сағынумен өзіңді,
Мен отырмын күйзеліп.
Көңіліме ем көре,
Сені іздеймін мен неге?
Ұқсаймын ба, мен осы,
Жұмыр басты пендеге?
Осы болар несібе,
Жатыр бақыт кешіге.
Күрсінемін несіне,
Сен түскенде есіме?
Өзгелерге бақ берген,
Маған мұңды шақ көрген.
Мен не жаздым өмірге,
Шөл далаға ап келген?
Бақсаң істің байыбын,
Сені сүйем – айыбым.
Иірімге бет алды,
Ескегі жоқ қайығың.
Шат болса да айналам,
Мұңлы ғұмыр сай маған.
... Тағдырым-ай!
Біздерді
Бір жіппенен байлаған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің бейнең өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Сенің бейнең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сенің бейнең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің бейнең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері