Бойдақтық жыры – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Бойдақтық жыры» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақылым көптен бері жүр қосылмай,
Айта алады қатемді кім жасырмай?
Ақыныңа бір келіншек тауып берші,
Шақуатым қойды ғой бір басылмай.

Таңдап жатар әйелді мен емеспін,
Кемшіліксіз болмайды себебі ешкім.
Парасатты келіншек болса болар,
Жасында мен оның елемеспін.

Бойдақтардың өмірі маған мәлім,
Қимылдаған әлбетте табар бағын.
Көп ұзамай жұбымды жолықтырсам,
Орындалар іштегі бар арманым.

Айналды ғой жолдассыз бас сыздарға,
Тартпай мүлдем тәбетім ас-тұздарға.
Қасымда келіншегім болса егер,
Қайтемін мен қырыңдап жас қыздарға?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері