Жел ұшырып кетті ме? – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Жел ұшырып кетті ме?» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Жанды ауыртып, қайтқан құстың тізбегі,
Жаным менің бір бейнені іздеді.
Жаз мінезді жайраңдаған көңілді,
Басады кеп күз лебі.
Есіл жатыр бұрынғыша есіліп,
Өткен күннің өкінішін кешіріп.
... Жүрегіме жалын берген уақыт,
Болар оның несі ұмыт?
Құшақ ашқан жылпос пенен ептіге,
Тағдырым-ау, жараттың ба тепкіге?
Жанға айтпаған сөзің менен сезімді,
Жел ұшырып кетті ме?
Бақыт гүлі өскен кезде бағыма,
Мұң келгені, мөлдір моншақ тағына.
Аз көрді ме, тағдырымның талауын,
Бұл қоңыр күз мұң әкелді тағы да.
Өткен өмір көңілімнен жырақтап,
Ертеңімнің еліктері жылап қап,
Жалғыздықтың күркесінде жапанда,
Қала бердім тұрақтап.
Аққу құстың әуеніне қосып ән,
Жүретұғын күндерді ойлап тосылам.
... Жырға айналды көп өксіген өмірім,
Шүкір дейін осыған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері