Сегізінші наурызда

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Ел қуанса-менде мұң,
Сатулыдай- күлгенім.
Парықсыздау пенденің,
Бірі ме едім?
Білмедім.
Сондай сәтте қысылып,
Өп-өтірік күлемін.
Жаным содан ұшынып,
Қысылады жүрегім.
-Адамдар ғой, ел сендей,
Артықпын ғой деп пе едің?
...Көңлім содан кемсеңдей,
Жабырқап жан- көктемім.
...Бағым ба еді?
Сорым ба?
Атын оның ән қылып.
Бір арманның соңында
Кеткен едім... мәңгілік.
Жүрек үні- ар бұзба!
Күтуменен солды үміт.
Сегізінші наурызда,
Гүл сыйлаған... сол жігіт.
...Содан көңіл-дүрбелең,
Сені ойлаумен өтті өмір.
Гүл сыйладың.
Гүлменен
Мұң сыйладың мөп-мөлдір.
Ерте аштырдың есігін,
«Арман» атты ақ таудың.
Гүл қураған.
Есімің
Жүрегімде сақтаулы.
...Ұмытпаймын әлі күн,
Есіміңді жаттауды...
Күткенінен кешкені көп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сегізінші наурызда өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Сегізінші наурызда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сегізінші наурызда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сегізінші наурызда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері