Жақсы мен жаман – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жақсы мен жаман» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 13341
Жақсы деген немене? –
Әдеп пенен өнеге:
Үлкендерді сыйлауың,
Ақыл сөзін тыңдауың.
Кішілерге берерің –
Бойыңдағы өнерің.
Жаман деген жақсы емес,
Жей қоятын тәтті емес:
Үлкендерді сыйламау,
Ақыл сөзін тыңдамау.
Жақсы істерді көрмеуің,
Кішіге көмек бермеуің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері