Құлыным – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құлыным» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2543
Жазда болдым жайлауда,
Уақыт жоқ ойнауға.
Көмектестім апама,
Көмектестім атама.
Төлдерменен таныстым,
Тайға міндім, жарыстым.
Талай істі меңгердім,
Құлыныма жем бердім.
Жем жегенде құлыным,
Көрсетіп бір қылығын,
Басын изей береді,
Ол – рахмет дегені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері