Сәулем-ай (3 ­нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сәулем-ай (3 ­нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3653
Ауылымның алдында қоғалы көл,
Жаз болғанда айнала, қонады ел, сәулем-ай.
Сүйген жардың аулынан қайтқан күні
Қоңыр салқын алдымнан соғады жел, сәулем-ай.

Қайырмасы:
Екі ғана жирен-ай,
Жал-құйрығын түйген-ай.
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Ғашық жардың сүйгені-ай.

Әзіл сөзді айтамын айламенен,
Қалып еді көңілің қайда менен, сәулем-ай.
Өлгенімше өкініш болмас еді,
Өмірімді өткізсем сеніменен, сәулем-ай.

Қайырмасы:
Екі ғана жирен-ай,
Жал-құйрығын түйген-ай.
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Ғашық жардың сүйгені-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері