Агугай, Жамал-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Агугай, Жамал-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1749
Дауысың бұлбұл болғанда өзің бір гүл, ахахау,
Он бестегі толған ай кезің бір бұл айдай, агугай, Жамал-ай.

Қайырмасы:
Жаным, саған не амал-ай,
Бірге жүрер заман-ай!

Тал бойыңда тарыдай бір мін жоқ, ахахау,
Тас бұлақтай дауысың шыққан сыңғыр, айдай.

Қайырмасы:
Жаным, саған не амал-ай,
Бірге жүрер заман-ай!

Үйректің өрге жүзер қасқалдағы,
Көпірдің солқылдайды басқа жағы.

Қайырмасы:
Жаным, саған не амал-ай,
Бірге жүрер заман-ай!

Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді,
Секілді шолпан жұлдыз аспандағы.

Қайырмасы:
Жаным, саған не амал-ай,
Бірге жүрер заман-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері