Ағажан – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ағажан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1445
Қара су есік алды жусан ба екен, жусан ба екен,
Белімді жусанменен бусам ба екен.

Қайырмасы:
Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем.

Өтіп кеткен басымнан жиырма жасты-ай, жиырма жасты-ай,
Қос ат алып артынан қусам ба екен.

Қайырмасы:
Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем.

Дүние қызығың-ай тұрғаныңда, тұрғаныңда,
Жиылып тақта кеңес құрғаныңда.

Қайырмасы:
Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем.

Хан демей, қара демей телміртесің, телміртесің,
Мойныңды бір теріске бұрғаныңда.

Қайырмасы:
Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері