Ай-ау, қой-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ай-ау, қой-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1692
Келмейді алтын шашың тарақтауға-ай, ау,
Көнбейді асау сұңқар, ау, балақтауға, қой-ау.
Дарияның ортасында сіз бәйтерек-ай, ау,
Мен келдім бұтағыңа, ау, қонақтауға қой-ау.
Жайлайды Кеңбақты елім қалың жиде,
Домбыра келмей отыр ыңқыл күйге.
Қымызды үйде, қызды үйде бір жәрмеңке,
Қыз кетсе, кім барады кепкен үйге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері