Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Әткеншек әуені

Бұл бетте «Әткеншек әуені» атты Нұрайым Нұрқабылова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Саналы қыз дейтінсіз,
Саналы қыз!
Саналылау болған соң жаралымыз.
Барды-жоқты сөз етіп, сылтауратып,
Алыстатып алдық па араны біз?

Таппай жүргем бұл маңнан әлденені,
Мәнсіз мынау ісіме мән керегі.
Жар ортада жаңылып қалғандаймын,
Сынағыңыз келіп пе еді әлде мені?

Тапталған төңірекке дем беріңіз,
Жасырмаңыз, сүйіңіз, емделіңіз.
Әне, аспан еріксіз әндетіп тұр,
Тербетіңіз, тербеңіз, тербеліңіз...

Пы/сы:

Істерімнен мән таппай мың пайдасыз,
Тағы келдім, жүрек мұз, маңдайда сыз.
Әткеншек бар, әуен бар, бәрі осында,
Жалғызсырап қалдым ғой,
Сіз қайдасыз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әткеншек әуені өлеңінің авторы кім?

Нұрайым Нұрқабылова — осы өлеңнің авторы.

Әткеншек әуені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әткеншек әуені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрайым Нұрқабылова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әткеншек әуені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер