Ағаш үйде терезе – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ағаш үйде терезе» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1675
Жоғарыдан келемін заулай түсіп,
Орған бидай жатады баудай түсіп,
Сен есіме түскенде, қалқа бала,
Жата алмаймын төсекте аунай түсіп, аунай түсіп.

Қайырмасы:
Жата алмаймын ағаш үйде,
Ағаш үйде терезе-ай.

Қалқатайым, қарағым, алтындайсың,
Алтын сапты қылыштай жарқылдайсың.
Інжу-маржан аузыңнан гүл төгіліп,
Ешбір жаннан, сөйлесең, тартынбайсың.

Қайырмасы:
Жата алмаймын ағаш үйде,
Ағаш үйде терезе-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері