Тыңдай білем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тыңдай білем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3349
Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да атамнан
Алғыс алдым, бата алдым.
Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да апамның
Қолқанаты атандым.
Тыңдай білем үлкенді,
Құлақ түре білгем-ді.
Сондықтанда талай сөз
Үлкендерден үйрендім.
Үйренерім әлі көп,
Мақалдардың мәні көп.
Жақсы сөздің бәрін де
Тыңдай білу – ғанибет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері