Өлең, жыр, ақындар

Өрісті өмір

  • 04.06.2022
  • 0
  • 0
  • 631
поэма

Отанның игі шексіз төрт бұрышын,
Дана ақыл зерттегенде шолып ішін.
Алдына айнадай боп бүкіл әлем,
Одақтың оңтүстік жақ көріп түсін.
«Түгі мал, топырағы кен толып келген,
Сақтаулы сан қазына өмір үшін.
Тек соны қолға алатын құрал керек,
Төгетін тұтастырып өлке күшін».
Деді де түйіндеді албыр ақыл,
Өмірге сусап жатқан неше мың жыл.
Қорытып дана қиял ел керегін,
Керектің кемел қуат ең керегін.
Ерге өнер, елге бақыт, байлық керек,
Тұрмысқа құрал керек өң беретін.
Құралдық қуаттығы көлік керек,
Алға аттап айшылықта тез келетін.
Тартқанда жер желісі алыс ашып,
Аршындап құлаш шалқар сермелетін.
Жапанды жалпағынан басып өтіп,
Сібірді Азиямен меңгеретін.
Сібірден ағаш, көмір, астық алып,
Азияның ақ мақтасын тез беретін.
Алтайдың алтын, күміс, қорғасын, мыс,
Балқаштың альюминий қымбат кенін.
Таситын болат рельс түсу керек,
Қақ жарып Азияның арқа белін.
Елсіз жер, енсіз өлке, қызыл құрсау.
Киініп тұрды алдында ой менен қыр,
Шыққанда Кремлден ұлы пылан,
Миллион ми, миллион білек, миллион жан.
Тұтасып аттанысқа аяқ салды,
Жасауға жаңа өмірді күшпен қолдан.
Жорыққа сан миллион сайланғанда,
Бар отан бір майданға айнағанда.
Сан тарау сан өріске қолды салып,
Миллион қол миллион істі қолға алғанда.
Бойында бар қаруы екі қолы,
Әрі мал, әрі бақыт деген соны.
Қуаты Құдайында денсаулығы,
Сауыты жорыққа алған ескі тоны.
Ақантай аттанысқа о да шықты,
Бармағы Түркісіптің темір жолы.
Келсе Ақан керіп майдан алған қызып,
Бұдырайып бұрқыраған жердің жоны.
Балуан қол, болат ... ойнақ салып,
Тебін қып тегеуірін жерді соны.
Ақан да кетті кіріп ұлы дуға,
Шым бұлақ шымыр құрыш жол салуға.
Жарқылдап асыл керге аумай соғып,
Жартасты жапырақтап құлатуда.
Ертістің өрекпіген асау ағын,
Тепкілеп ұлы толқын жар қабағын.
Тасқындап жатқан шағы ед жазға еркелеп,
Мөңкіген мұз теңізге сап аяғын.
Қайнаған халық келіп миллион қолмен,
Бүгін сап ертең өзі жүрмек болды.
Өзі үшін өз қуатын қарыштап жұрт,
Айқасып алып жартас темір теңін.
Ертістің қабағынан қатарласып,
Шпалдар жер құшақтап, бауырын басып.
Сыңғырлап бұлақ рельс түсті арбадан,
Көтеріп балуан қолдар жапырласып.
Еріткен еңбек лебі жаңа шындап,
Суарған құрыштаған бумен қымбат.
Төседі сол болатты Ақан жолмен,
«Пойзді кім жүргізсе осы жолмен,
Тұңғыш жол, тұңғыш рельс төсегенім.
Қаққаным тұңғыш кастел мынау қолмен.
Есіне алар жұртым еңбегімді,
Бірінші кастелді ұрып бергенімді.
Тарихтың бір шегесін қақтым мықтап,
Жаяуға ат, жарлыға бақ берер мәңгі».
Ақантай терең талдап осыны ойлап,
Ұрған жоқ ол кастелді құлаш бойлап.
Әйтеуір көкірегін шаттық кернеп,
Балуан қол, болат балға салғанда ойнақ.
Шпалға шым қағылып, кастел жоқ боп,
Бірінші түсті рельс қабақ бойлап.
Жалғасып бір-біріне тартты рельс,
Жарыс сап, қосарланып, шпалда ойнап.
Созылып рельс өзін тарта берді,
Артына тастап талай асқар белді.
Ақан да алдын созып күшпен бастап,
Рельспен құрсаулады талай жерді.
Тақымдап паравоз да алдымды аш деп,
Ақырып ұмтыл алға шапшаң бас деп.
Тірсектеп екпінімен елді иектеп,
Тұрады аспапты алып аралас кеп.
Ақантай көп таңданып парабозға,
Күшіне сүйсінетін сақтап созса.
Қарайтын, қадалатын, қызығатын,
Телміре тетігіне жүріп озса.
Жүргізген машинистке талай келіп,
Будкіге тамашалап талай келіп.
Бажайлап машинистен жайын сұрап,
Иықтасып парабозға жүрді беріп.
Машинист мосқал тартқан кексе Гамов.
Ақанға күлімдеді ажарланып.
«—Қызықсаң кашегар боп кел қасыма,
Сонан соң үйренесің бәрін танып».
Осы сөз қозғау салып, тартты Ақанды,
Үдетті бұрынғыдан қызыққанды.
Бар ынта парабозға аударылып,
Гамовқа бір ғана емес күнде барды.
Өмірдің оқып терең мектебінен,
Адамның мінез-құлқын көп зерттеген.
Отты жас ойнап тұрған өткір талап,
Ақанды Гамов бірден болад деген.
«Болады міндеттімен болдыруға,
Парабоз будкісіне қондыруға.
Атағын партияның сонда ақтаймын,
Мақтанам мен ішімнен» деді сонда.
Шықырлап шақат бөктер, түлкі ықтап,
Аққұба сирек селеу, ырғыз мықтап.
Күзгі жел күрең тартып, қатқыл үріп,
Жол жайған батырларға жатты сырттап.
Батыста бір ұяңда бір аз селен,
Бөленген мәңгі ұйқыға етпей елең.
Салған жол самсыған қол думанынан,
Бөлініп тұрды аулақтау, тұнжыр ерек.
Тартқанда әлде неге қанын ішке,
Қасарып қарсыласқан мынау іске.
Сияқты селек өңі сезіледі,
Әлде бір өткен күнін ұстап еске.
Сақтаған көлеңкесін өткен күннің,
Күн емес ел күңіренген қара түннің.
Селені Сергиполь түршіккендей,
Қаралы арнасына жаңа өмірдің.
Бір кезде жас саудагер тоғышар, мещан,
Қанішер жасауыл мен шенді атанар.
Аулақта айналасын қан жылатып,
Орнаған орда теуіп улы жылан.
Селенді азғын жайлап соқыр кеуде,
Әлі жоқ тасқын күшке қарсы кеуге.
Қастығын біз көрсетпей іштен істеп,
Аулақта жатқан бұғып елсіз деуде.
Көрген соң жаңа өмірдің жаңа жолын,
Өмірге бірге жайған халық қолын.
Үдірейіп, үрпиісіп, томсарып ел,
Көрсетіп бетін бұрып, сұрғылт жонын.
Селенді секем алып кім елесін,
Еңбекші онда да бар білер есін.
Алыптар тартқан жолын соза берді,
Сыңғырлап бұлақ реліс тіпті іргесін.
Ақырғаны парабоздың үніменен,
Жол тартқан алып қолдың күші де ерен.
Селкілдеп Сергейпольда іні құлап,
Жыландар сусылдады ін іздеген.
Депоның орны өлшеніп, стандияның,
Арда өтеп Аякөзде аты мәлім.
Салынды жаңа қала жан кіргізіп,
Гүлдентіп жүре берді өмір маңын.
Тұлпардай үйір-үйір иректелген,
Парабоз басын қосты жолмен келген.
Депоның құрылысы қолға алынды,
Сан сарай көтер бірге талай жерден.
Бір тобы түсін бояп сұр жыланның,
Өшіріп беттен ізін ішкен қанның.
Депоның кірді ішіне ебін тауып,
Уламақ өмір ішін талай жанның.
Ақантай будкесінде парабоздың,
Өнерге нар тауекел қолды создым.
Дейтұғын Гамовпенен әзілдесіп,
Келеді көп кешікпей менен де өзім.
Жымиып күлетұғын Гамов онда,
Тетігі озық ұрпақ біздің қолда.
Шығарам сені жақсы машинист қып,
Жарысқа кірісеміз әне сонда.
Екеуі парабозды қарастырып,
Ақанға Гамов жайлап ұғындырып.
Бір күні Ақан, Гамов жолдан келген,
Парабоз жаңа ғана депоға енген.
Бетінде депо ішінде ұзын бойлы,
Бір адам кез кеп қалды жұмсақ өңмен.
Көзіне көзі түсіп беттескенде,
Көзіне басылды оттай бұрын көрген.
Өрекпіп, жүрегі ойнап аңғармады,
Қай жерде қашан көрді түспен бе, өңмен.
Кенеттен бір ат келіп түсті аузына,
Матвей деп әлде қашан ойдан сөнген.
Қалайша қалды айтылып аңғармады,
Жас алып көздеріне қуанғаннан.
Шығарды қуаныштың ізін ашты.
Ақан кім? Матвей кім? Қайдан таныс
Бұл бір сыр шұбатылған өзегі алыс.
Екеуін қайнастырған қандай өмір,
Біз соған біразырақ тоқталармыз.
Күн шыжып, әуе айланып түскен жерге,
Аңызақ бет шарпыған ыстық желде.
Семейдің құла құмын қуалаған,
Ұйтқытып айдап түсіп пристенге.
Өмірді булықтыра бұрқыратып,
Қос дауыс құм асатып алған демге.
Жалаңаш жалғыз терек жапырақ өспей,
Қурайтын не заманнан пристенде.
Күн қуған көлеңкеде көйлегі жоқ,
Күн жеген қара қайыс етінде өң жоқ.
Буыны шормақталған арық бала,
Теректің түбінде отыр көкпеңбек боп.
Жолменен сапырылсып шұбаған жұрт,
Быжынап пристенде у-шу дақтық.
Аш бала, арық бала, елер жан жоқ,
Кетеді талықсырап кейде қалғып.
Күн ұзын ауыр жүкпен арпалысып,
Жан қинап, жалын күнде жоқтық қысып.
Шығарып ащы шайыр арқасынан,
Иық, қар, арқа, тізе бәрін пісіп.
Жүк жыртқан тұла бойы далба-дұлба,
Апай төс, алқам-салқам алып тұлға.
Бет қойып күн батарда қала жаққа,
Шықты да пристеннен түсті жолға.
Бауырында балуан терек-тірі аруақ,
Үңірейген көзі ішіне қуарған жақ.
Лыпасыз үсті-басы арса-арса боп,
Бір бала айналаға отыр қарап.
Көксұрғылт көлеңкеде көлеңкедей,
Өтердей үңілмесе тірі демей.
Баланың бейнесіне көзі түсіп,
Матвей жолдан шығып келді ерінбей.
Баланың панасызы айдан ашық,
Аштықтан аруақ боп сұры қашып.
Отырған қорғаны жоқ жас өрімге,
Матвей кетті үйіріле, жүрегі ашып.
Балаға мейрімді өңмен жауап қатып,
Өзіне сөзбен тартып жақындатып.
Баланы алып келді ол үйіне,
Иілеген желмен жел боп, ішке батып.
Балаға бауырындай үйіріліп,
Матвейдің қарт шешесі о да күліп.
Қуанып құрақ ұшып барыменен,
Баланы асқа силап, қонақ қылып.
Баураған ашып жаны ол ісіне,
Баланың жаны риза сол үшін де.
Аз күнде үйірлесіп жан-тәнімен,
Кетті ұқсап бұл өш еді бір кісіге.
Баланың жоқтық езген жас тұлғасы,
Марқайып қалғанымен рас жасы.
Көрініп көзге қораш тұрғанымен,
Әйтпесе, дембелше жас емес, расы.
Баланың делдиленіп бойы ширап,
Күйленіп, көтеріліп, есін жинап.
Алған соң бала жөнін бір күн кеште,
Матвей сұрап еді сөзбен сылап.
Ағытты бала сырын бастан-аяқ,
Еркіндеп шерін шеше өзіне таяп.
Матвейге сыры емес мұңын шағып,
Сөзімен өзін желпіп алғандай-ақ.
Аузынан ағытылды сырдың бәрі,
Түнерген түндей өмір ащы зары.
Қатпаған қабырғасы бөбек жаны,
Әке өлген, өзі жалғыз, шеше кәрі.
Жарлы ана жан сақтауға жалға беріп,
Жақыптай жауыз байдың қанағаны.
Ыстықта көп қозыны жаяу бағып,
Су тасып, үйге келсе отын жағып.
Зарығып тамызғақта таңдай кеуіп,
Күндіз-түн тыным таппай зырыл қағып.
Деп бастап қозы өреді, менде өремін,
Шық кешіп жалаң аяқ жөнелемін.
Жатқанда жас пен кәрі тәтті ұйқыда,
Қорлықты құзғын сәріден мен көремін.
Тал түсте тас қыздырып күн қызғанда,
Бастырмай табан жанып түс бұзғанда.
Қозы мен менің орным тастар дөңес,
Адамнан қозы бірге туғызған ба?
Қозының көген қиған мойын жүнін,
Білте боп бунақталған жұлым-жұлым.
Көргенде мұңға батып отырушы ем,
Менің де тап осы-ay деп көрген күнім.
Қозының мойын жүнін қиса бұршақ,
Қажалған менің мойным жоқтық құрсап.
Қозыдан көгенделген қай жерім кем,
Кеш жусап, ерте өремін қозы құсап.
Ел көшсе мінетінім бір құлақ тай,
Қозы айдап кейін кел деп тастайды бай.
Сусын жоқ сортаңға иіп, қаным кеуіп,
Жетемін қонған жерге кешке қарай.
Өмірдің бәрі осы ма алдыдағы,
Бар ма екен әлде бұдан қиын шағы.
Жетімдік әрі жоқтық бір басымда,
Болады бұдан қиын қайтсе тағы.
Деп ойлап отырушы ем оймен улап,
Бұл ойды табысқанда қоймен шулап.
Қозының дауысы ғана ұмыттырып,
Кететін жер күңіренткен дауыс дулап.
Арқаның азаппенен алып жазын,
Мизеңнің Тастыбұлақ толғақ сазын.
Тоздырып кейін тастап бай серпіліп,
Істейтін күзеу келіп қыстың ләжін.
Қосылды тоқты қойға қой суалып,
Кетірді балдыр өңін шөп қуарып.
Жақып сұм қозыдан ап қойға салды,
Бейнеттің ауыр кезі кездесті анық.
Қыс келді көп кідірмей қырауытып,
Түйіле көтергендей қабақ шытып.
Қызылға қыдырыстап таяй берді,
Күн мен түн бірін-бірі кезек өтіп.
Тегінде Арқа тауы желге көрік,
Шуылдап, ұйытқып ойнап тұрады өріп.
Дегелең әсіресе жел анасы,
Болмайды жел соқпаған күнін көріп.
Қыс болса қызыл соғып терісінен.
Қайырып қарды үйіріп тегісінен.
Қара мал күйіс алар жер қалдырмай,
Жылқыны қажытатын тебісіннен.
Алыстым осы қыспен түзде өткізіп,
Кездескен қиындыққа жастай төзіп.
Сарылып ұзақ күнде қоймен қой боп,
Жел жалап, аяз сорып, өнді бұзып.
Ашылған күн қабағы желі тынып,
Шатынаған аязы жоқ, зәрі сынып.
Бір күн ед көңілім маздап, бой жадырап,
Еркелеп күн көзіне ішім жылып.
Бармады бұл ұзаққа күн бұлттанып,
Биігін Дегелеңнің ұшпа салып.
Жел жүйткіп көтеріліп терісінен,
Суытты сұры өзгеріп, ызғарланып.
Бұрқырап лез болмай жауа борап,
Жөнелді қойды ықтырып айдап алып.
Өкіріп жел өршіді барған сайын
Түйіліп тұрды төгіп бұлт та лайланып.
Ойнақтап боз тайлақтай көк жөткіріп,
Күркіреп борадай бозғылт жайы.
Тулақтай сабаулады даланы жел,
Қалтырап көк дірілдеп шайқалды жер.
Айдала сапырылып кетті көшіп,
Түтеді қарды үйіріп қаһарлы жел.
Басындағы алсамдағы қойды ықтырмай,
Ұйлығып желге қарсы бетін бұрмай.
Өзімді қалжыратты ашулы аяз,
Төнеді боран күштеп минут тынбай.
Ыққан қой неше топ боп ебелектеп,
Қамалды бір тобы кеп омбыға еніп.
Қар кептеп, қойны қоншым әлім бітіп,
Тұла бой дызылдады аяз еміп.
Қол-аяқ, бет-ауыздан сезім кете,
Ығына ұйыққан қой жеттім келіп.
Шама жоқ қозғалуға бұдан әрі,
Жан кетіп, қол-аяғым, тыйып әлі.
Ұйлыққан омбы қарға қой ығына,
Жалғыз-ақ бар есімде жығылғаным.
Лез болмай жарлауланып басқан қардан,
Тарылып дем алысым қиындадым.
Біразда дем шыққандай бет алдымнан,
Сол жерден бір леп келіп тынымдадым.
Қар басып, боран үйіп, өсе берді,
Тоқталмай жүрек соғып, жатты жаным.
Қар басқан қойды тауып меніменен,
Жақыптар мал биесін іздеп келген.
Суырып қар астынан апты сүйреп,
Жатқанда жаным шықпай кеудемде дем.
Өн бойды тұтасынан үсік шалып,
Қозғалтпай бар бойымды суық алып.
Үш айдай сары төсекте жаттым сорлап,
Жаз шыға зорға тұрдым жаным қалып.
Жақып сұм қасқыр қырған, ыққанда өлген,
Қойларын менен көріп пәле салып.
Ықтырды, баға алмады боранда деп,
Зорлық қып жалғыз сиыр тартып алып.
Артынан сұрап барған сорлы шешем,
Таяқ жеп үйге келді жараланып.
Зорлықты осы көрген бастан-аяқ,
Алдына би старшын айттық барып.
Бәрі де байдың сөзін сөйлеп тантып,
Көрмедік ешбір көмек көңіл жарып.
Шыдатпай осы қорлық жоқтық қысып,
Семейге жаяу шұбап шешемді алып.
Шығып ем аштық жеңіп ілесе алмай,
Сорлы анам елсіз түзде қойды қалып.
Дейді де бала көзден төкті жасын,
Сөккендей кімнің болсын қабырғасын.
Баланың мұңлы жүзі құп-қу болып,
Көтермей көпке дейін жерден басын.
Елестеп көз алдынан ана түрі,
Елсіз жол еңсе басқан дала түні.
Алыc жол аштық жеңіп әлі қашып,
Құлыным қош бол деген ақырғы үні.
Қара бұлт қарауытып түзді басып,
Ананың тісі ақсиып сұры қашып.
Суалып арық беттен көне көзі,
Кірпігін қозғағаны ақырғы ашып.
Ес болып елсіз түзге шыққан еріп,
Жүр жаным кетеміз деп қуат беріп.
Жапанда елсіз-күнсіз жалғыз тастап,
Ақанның қош айтқаны, болып өлік.
Мұң билеп, қайғы қаузап, іш елжіреп,
Мандайын артық қолмен Ақан тіреп.
Отырды Матвей де қоса езіліп,
Баланың ащы өмірі оны да жеп.
Анам деп зарлағанда Ақан бала,
Матвейдің кәрі анасы жасын ала.
Көзінің көне кірпік тарамдалып,
Қозғалды анадан да ескі жара.
Алайда ушықтырмай бала зарын,
Уатып, еркелетіп, бала жанын.
Екеуі екі жақтан еміреніп,
Жайғанды жан түршігіп алақанын.
Көрген соң жан ашыған жақсы күнім,
Киген соң көйлек-көншек түске бүтін.
Марқайып Ақан бойы сала берді,
Бытырап іштегі шер, быққан түтін.
Бала емес балаусадай жаңа өспірім,
Соқталы жеткіншек боп бір көкөрім.
Ілесіп Матвеймен еңбекке енді,
Біртіндеп ыңғуырлап өмір кенін.
Семейдің пристені болып өріс,
Сұрғылттау сүреңі жоқ бір күн көріс.
Матвей параходқа матрос боп,
Бұларға кірді аз-аздап бір өзгеріс.
Кіргені ол өзгеріс алғашқы ұшқын,
Орнынан патша түсіп бостандық күн.
Туды деп аз дүрлігіп жұмысшылар,
Шыққандай болып еді еркіндік үн.
Олда дақпырт көп ұзамай кетті аяқсып,
Бір шала жанып барып, қайта бықсып.
Жатқандай болды дағы тұрды Ақанға,
Бір бақыт тасқындап кеп қайта лықсып.
Кеткендей баяғы бай, баяғы еңбек,
Күндік нан, күндеп жұмыс өлмес ермек.
Бар бақыт Матвей мен Лида кемпір,
Бетіне қарамайды тіктеп сен деп.
Бармады бұл дәулет те онша ұзаққа,
Матвей парахотпен Омбы жаққа.
Кетті де көпке дейін оралмады,
Ауырды Лида кемпір осы шақта.
Ауырып көп ұзамай кемпір өлді,
Матвей жоқ, жалғыз өзі оны көмді.
Жылтылдап өмір оты тұтанғандай,
Болды да Ақантайға қайта сөнді.
Матвей сол кеткеннен оралмады,
Хат-хабар одан Ақан біле алмады.
Басқарып пана болар жан қалмады,
Жас Ақан тағы қаңғып жалғыз қалды.
Осы еді Матвеймен Ақан сыры,
Көрген жоқ одан қайтып бірін-бірі.
Екеуін толқынды өмір кеткен билеп,
Жоқ еді көрем дейтін үміт тірі.
Бірақ та бірін-бірі алып еске,
Аңсайтын көріссек деп ерте-кеште.
Күн ұзап озған сайын үміт болып,
Торығып ол тоқтайтын кездеспеске.
Екеуін туыстырып өмір ана,
Айырды мәңгі аңсатты тағы жаңа.
Қуантып бүгін әкеп тағы қосты,
Өмірдің айдауында адам бала.
Ақанмен Матвейде үлкен шаттық,
Гүлденген гүлді өмірде қосқан шат қып.
Матвей қайдан келді, қалай келді,
Сөйледі Ақантайға бәрін дәт қып.
— Мен деді ол, сапарымда сонау кеткен,
Ат ұстап, әр іске алып, қолдап кеткем.
Тұтқында жан көрмеген қорлық көріп,
Минуттап өлім күтер күндер жеткен.
Бірақ мен жалғыз емес көппен бірге,
Жан қиып халық үшін азап шеккем.
Өлер жау өмір бітіп аласұрып,
Тарылып жау өрісі, демі құрып.
Ашынған аш қасқырдай шабыттанып,
Халықты қанға бояп жатты қырып.
Ешімнің құла суы қып-қызыл боп,
Қан басып, жұмсақ лай шөкті тұнып.
Күз күні күреңденіп орман шулап,
Жел азынап түстіктен соғады ұлып.
Ер Ешім ізгі еліне жау шеңгелін,
Салғанын сабырлы оймен алды ұғынып.
Келгенде шамданайын бір кезегі,
Тулады толқын көшіп жарып-ұрып.
Сезген жау толқын көшін тау боп көшкен,
Жөңкіліп қашып жатты аласұрып.
Ес қалмай етегіне сүрінсе де,
Басқаға зеңбіректің аузын бұрып.
Үңірейтіп әлсін-әлсін оқ шашқанмен,
Толқынға шыдау қайда қарсы тұрып.
Әл келмей аяқтауға сызып берді,
Жатыр ед бізді тергеп, сотын құрып.
Ешімнің сонау толқын батыр елі,
Толқытқан октябрдің бақыт желі.
Ақ сұмды тоз-тоз қылып кетті қуып,
Сол бетте-ақ келмеске айдап жіберген-ді.
Босанып елмен бірге бізде шаптық,
Қуғанда жауды өкшелеп Ешім елі.
Мінеки содан бастап алғам ерік,
Сан қиын қамалдарда майданға еніп.
Урангел, Дотин, Колчак палаштарын,
Талқандап, таптасқанмын соққы беріп.
Ақ сұмын арылтқан соң ардақты елден,
Бел шешкем қару ұстап мерейге еніп.
Жасауға бейбіт еңбек елмен бірге,
Отанды гүлдендіріп шырай беріп.
Ол үшін өмір керек, білім керек,
Сондықтан оқып кеттім Мәскеу келіп.
Оқитын паровозға инженерлік,
Бітіріп биыл шықтым әгзам беріп.
Баруға Түркісібке жарлық тиді,
Мінеки сіздерге енді тұрмын келіп.
Матвейдің әңгімесін тыңдап болып,
Өмірін аз жылдағы айтқан шолып.
Сауатсыз күні кеше Матвейдің,
Шыққанын білді үлкен маман болып.
Аршындап өскенде өмір ілесе алмай,
Қатардан қалыппын деп надан болып.
Ақантай өз бойына қарны ашқандай,
Отырды аз тұнжырап өңі солып.
Деп бастап менде оқу жоқ, көңілім жаттық,
Өнерден кейін қаппын қырда жатып.
Түркісіб басталғалы істеп жүрмін,
Өнердің жаңа ғана дәмін татып.
Алуға өнер білім өрісті кең,
Бақытты заман мынау жайраңдатып.
Құмарым оқып маман болсам деймін,
Жүргізер парабозды ойнақтатып.
Деп Ақан Матвейге шерін жайып,
Түсініп аз сөзден-ақ Ақантайын.
Егерде тілегенің оқу болса,
Емес пе қанша оқысаң оқу дайын.
Қалайда бір мамандық алу керек,
Өседі өнер-білім барған сайын.
Деп Матвей бір оқуға жіберем деп,
Көңілін дауалатты Ақантайдың.
Ақантай будкісінде парабоздың,
Өнерге нар тәуекел қолды создым.
Дейтұғын Гамовпен әзілдесіп,
Келеді біраздан соң сенен де озғым.
Жымиып күлетұғын Гамов онда,
Тетігі озу озбау біздің қолда.
Шығарып сені жақсы машинист қып,
Жарысқа кірісерміз әне сонда.
Осы сөз қалды серт боп екеуіне,
Қарыштап қайраттарын күндіз түнде.
Бір күні парабозды қарастырып,
Кетпек боп Ақан, Гамов жолға жүріп.
Ішінен дебетканың қозғағанда.
Гамовпен Ақантайдың достығы өсіп,
Еңбекке еркіндеді өнерге өршіп.
Бұл ісі Змейовтің ішін өртеп,
Бір бөлме тағы мыңдап қадір өсіп.
Бой бермей барады өршіп күннен — күнге,
Бөгеуге Змейевке жол жоқ мүлде.
Көрініп көзге түссе одан жаман,
Қалған жол қастық жасау андып түнде.
Змиев өз қадірін өзі өсіріп,
Әр жерге ақырындап ол да кіріп.
Байқатпай бар бөгетті жатты салып,
Жауыз жау жанталасқан алас ұрып.
Бұлдіріп парабоздың ішін бұзып.
Кей жерде аяр жасап жол бұзғызып,
Гамов пен Ақантайдың үстеріне,
Аудартып бар кінәні кір жаққызып.
Бір күні Гамовқа үстіп жала жауып,
Ішінен парабоздың кемдік тауып.
Әдейі біле тұрып істеген деп,
Орнынан машинистік тастады алып.
Ақанның арыздарын талай берген,
Машинист оқуына жібер деген,
Қалдырып сан аяқсыз сандалтқанды,
Өтуге шегарадан жол бермеген.
Змейев ебін тауып бұларды езіп,
Сырынан сұмпайылықпен бермей сезік.
Депоның басшылығы дұрысталып,
Матвей өндірісті жөнге салып.
Бұрынғы өспей жүрген талай кадр,
Лайықты мамандыққа орын алып.
Гамов та машинаға қайта мінді,
Бұйрығы Змейовтың босқа қалып.
Ақанда кетті аттанып оқуына,
Курске машинистік түсті барып.
Ашылмай Змейовтің әлі сыры,
Депода командирдің болып бірі.
Қарманып қапы тапса қастық істеп,
Қақпайды залым кірпік күндіз-түні.
Өрекпіп өндірістің өркені өсіп,
Күн санап көтеріліп алға көшіп.
Күшейіп өндірісте қырағылық,
Сезілсе сел құяды ізге түсіп.
Саналы жұмысшылар саңлақтанып,
Депоның бар тағдырын қолына алып.
Саяси шаруашылық күрделі іске,
Жұмыла жұмысшылар жанын салып.
Әлсіреп Змейовтер әрең-ақ жүр,
Қапысын тапқан ретте шалып қалып.
Шалдыр тиғыш шалағайлық кетті сиреп,
Әр адам өз ісіне жете қанық.
Бұрылсаң бұлтартпайды бұрын билеп,
Тайғызад, тап баспасаң табанда анық.
Қуырылып жау өрісі күннен-күнге,
Әкімдік Змейовтен өшті мүлде.
Әйтседе арпалысып қысып айтып,
Салады кертартпалық кейде тілге.
Күн санап депо өсіп жаңа қарқын,
Өр талап, өнімді күш, жүзі жарқын.
Тасқындап жұмысшылар жатты аттанып,
Орындап социалистік жарыс шартын.
Бірінен бірі асыра рекорд жасап,
Састапты салмағы ауыр өрге басад.
Гамов пен Ақантайлар топ алдында,
Жаз жалын қызылымен жағаласад.
Депода ұйымдасып бір колонна,
Аттаныс Сталиндік ұран қолда.
Жүрісті техникалық екі есе ету,
Орнына екі мыңды ап бір мың тонна.
Бұл топтың қарсы алдында Ақан,
Гамов, Бірінен бірі асыра составты алып.
Көрсетіп басқаларға жүрісте үлгі,
Артыла алған міндет орындалып.
Кертартпа беделдің туын жығып,
Төбеден төңкеріле жерге тығып.
Салмағы бұлар алған ауыр состав,
Басқандай Змейов жүр інге бұғып.
Сіркіреп суық жаңбыр бұлт қоюлап,
Ызғырық күздің салқын желі зулап.
Қара бұлт жерге үңіліп жебе жауып,
Түксиді бұлт төккендей аспан тулап.
Бір қою қараңғылық түнді билеп,
Тыққандай жер тұманды көзіңе илеп.
Перделей түн зұлматын бір-екі адам,
Бір үйге шетте тұрған кіргенде кеп.
Алдынан бірнеше адам басын иіп,
Аруақтай бейіт күзеткен Аллаға ұйып.
Қусырып кеудеге қол тағзым етіп,
Үй төрін ұсынып тұр, бәрі қиып.
Елеусіз аласа үйшік жерден қазған,
Білте шам сәуле шашып тұр аз-аздан.
Қысқа ұғып, қимылынан бірін-бірі,
Жөн сұрап, ежіктесіп, жоқ сыр қазған.
Екеудің өзгесінен сыры бөлек,
Неше күн сапар шеккен татпай қорек.
Алыстан арып-шаршап әрең жетіп,
Ат басын осы жерге отыр тіреп.
Аз үнсіз отырды да үйдің іші,
Жоқ па деп тұрып алып бөтен кісі.
Үй маңын қадағалап қайта тінтіп,
Сөз бастап әлгі кірген екі кісі.
— Біз деді шүберекке түйіп жанды,
Қиған соң осы жолға қасық қанды.
Өлім мен өмірді итше шайнастырып,
Отырмыз тірі көріп сіздің манды.
Ал, қане қандай істер орындалып,
Келмеген қолдарыңнан несі қалды.
Дегенде ұзын бойлы бурыл сақал,
Бұл сұрақ қысқандай боп жирен шалды.
Біз деді алыссақ та аянбай-ақ,
Жесек те жерге кіре күнде таяқ.
Пілге үрген қандендей ақ қаруым,
Тарпыса тапталамыз балуан аяқ.
Бір емес, барлығы көз көп бірыңғай,
Салсаңда қандай іріткі қаруы сай.
Құрылған планымыз құр қиял боп,
Қалжырап қала беред орындалмай.
Өйткені біз аңдулы ісің сында,
Тұрғандай аяқ мініп жалғыз қырға.
Күрделі төрт апатты жасау қиын,
Өсулі сағат сайын сақтық мұнда.
Дегенде шалға үңіле төгіп зәрін,
Шыға тұр деді үйден басқаларың.
Қолына бір қағазды серпіп шалдың,
Мынамен жақсы болад танысқаның.
Деп нұсқап қасындағы қайқы мұрын,
Қараны танушы ма ең бұдан бұрын.
Көріппе ең көріспесең аты Шекен,
Қолынан келмейтін жоқ міне мұның.
Тек мұны қиынға сал, айт қырқуын,
Шие болат тең қойып тұр ішер суын.
Бір емес сан орында сыналған ер,
Өлмеген ішіп тапай ажал уын.
Деді де әлгі екеудің қансыз сұры,
Көп өткен шекараны қайсар ұры.
Шетелден Шекенді ертіп келіп отыр,
Жіберді Змейовқа әдейі мұны.
Күн бұрын хабар алып Түсіпхан көптен,
Тапсырма жіберілген алыс шеттен.
Тұманды күз кешінде жер үйшікте,
Сол еді Змейовқа алып жеткен.
Жирен шал ұзын бойлы кәрі офицер,
Жаңартып памиласын Змейовтер.
Кірген еді тапсырмамен Түркісибке,
Жалдаған жауыздыққа шеттен бір ел.
Жасалған инженер деп бар куәлік,
Шыққандай темір жолдық білім алып.
Сөзінде куәлік те жоқ іші күдік,
Инженер екендігі бәрі де анық.
Бірақ ол офицер ед ар жағы лас,
Қаны жат, қара жүзді, халыққа қас.
Қолынан келсе өртемек совет жерін,
Отанын халқын сатқан бауыры тас.
Алды да тапсырманы құлдық ұрып,
Сол жерде сан пәлеге план құрып.
Шекенді жол бойына жібермекші,
Тұруға пойыздарға жолды бұрып.
Басқасын депо іштен бұрып қойған,
Сан бұзып парабозды салған ойран.
Жол бұзып сан пойызды құлатқан-ды,
Сан состав көп адамның өмірін жойған.
Жаңа алған тапсырмасын қарап шығып,
Қойды да жан сезбейтін жерге тығып.
Бөлісіп ішінара міндеттерін,
Бандылар кетті тарап түнге бұғып.
Алтын жаз жарқылдаған жанға жайлы,
Дәулетті ел дәурені үстеп өмір жайлы.
Өрбіген өндірістің өрен күшін,
Түйдектеп "түркісіп ат" зуылдайды.
Шалқыған жол алабы жасыл теңіз,

Жас егін жел толқыса суылдайды.
Уылжып уыздағы сүттей шырын,
Балбырап балдыр сабақ бас ырғайды.
Алыста андағайлап Аман, Текес,
Тепсеңі теңселгенде ертелі-кеш.
Совхоздың ақбөкендей қалың қойы,
Құбылып жібек жүні күннен елес.
Алғандай жарқыл қағып қанат жайса,
Жапырылып жібек желден жасыл майса.
Балауыз бағыландар сүтке бөккен,
Маңырап маңғаз марқа бір маңқайса.
Жасыл бел жамылғандай жасыл құлпы,
Ақ бас шың андыздаған асқар тұрқы.
Жайраңдап жаздың жарқын құшағында,

Сәлима апай немерелерімен

Өркендеп өскелең тұр өмір тұрқы.
Осы бір жарқын жаздың шуағында,
Толықсып тоқсырғанда гүлбағында.
Сабеттің азаматы алтын заңнан,
Алған кең праваның құшағында.
Сайламаққа ССР-ға ұлы сабет,
Ұсынып саңылақтарын кандидат деп.
Өркешті өндірістің алыптарын,
Отанның сүйіктісін ұсынған ет.
Сол ұлы мерекеге шашу алып,
Ерлері өндірісінің жарыс салып.
Бармақ боп бар өнерін баса жұмсап,
Қимылдап жатқан шағы топты жарып.
Ерлері шашу сайлап түркісіптің,
Эстафет пойыз құрап асыл жүктің.
Составы сапқа тұрып санша алып,

Атақты жазушылар ортасында М. Шолоховтың 60 жылдық тойында

Деп жатыр жүйрік жүрдім, мен жүйткіттім.
Ал ертең дауыс беред елдің бәрі,
Ер-әйел, ертең права жас пен кәрі.
Дүниеде бірінші рет әділ сайлау,
Жасайды КССР-дың адамдары.
Сол күнге арнап құрған эстефетті,
Пойызды кім алуды кеңес етті.
Депоның коллективі бір ауыздан,
Ақанды барады деп құрметтепті.
Ұнамай бұл ұсыныс Змейовке,
Сондада көріне алмай қалың топқа.
Ақанның тәжирбесі аз, ауыр состав,

1956 жыл. Кремлдегі қабылдау.

Алуға қайтып болар деді тоқта.
Білетін Змейовтің Ақан сырын,
Сан рет сайысқанды бұдан бұрын.
Онда ашық білмесе де арам сырын,
Кертартпа іріткі сап бұдан бұрын.
Талабы талай жанның тартыншақтап,
Қайтарып көп ұнатпай қарайтрын.
— Бізге де кертартпаның сыры мәлім,
Бөгеуге мынау күшті келмейді әлің.
Қойшы емен машинаның маманымын,
Деп кекеп ертедегі қорлағанын.
Алдына осы арада бір келтіріп,
Қадалып Змейовқа шашты жалын.
Бір емес екі эстафет қатар қойып,
Ұсынса халқым сеніп мен аламын.
Дегенде Ақан сөзін халық қостап,
Матвей түрегеп кеп қолын ұстап.
Арқаға қағып тұрып: «Жаса Ақантай»,
Дегенде Змейовтің сөзі бос қап.
Күлдей боп өрттен сөнген қара тозаң,
Бетінде безерленіп жоғалып қан.
Көміліп коп алдында жермен жер боп,
Әреңге сүйретіліп тұрды орнынан.
Қап-қара іші күйіп түтін болып,
Қуарған шүберектей өңі солып.
Бір қырсық осы жолға істеуді ойлап,
Азырақ депо маңын көрді торып.
Бұл жерде адам қалың, анду күшті,
Қолма-қол орындатпас ондай істі.
Деп ойлап торығып кеп аңырғанда,
Есіне Змейовтің Шекен түсті.
Алғанда арам ойы аздап толас,
Сырты адам сиқырланған аржағы лас.
Естопат ұшыраса бір апатқа,
Сол болды бар ниеті жасаса қас.
Ақанға абройлы атақ қимай,
Жолына бөгет айтып тұрғандығын.
Сезе қап сенің сырың деді мәлім,
Мені енді бөгелтуге келмейді әлің.
Қойшы мен машинаның маманымын,
Жүйткіткен түркісіптің серке санын.
Жарық етіп көзінен от, басы зеңіп,
Катяны ол жібергенде сырттан періп.
"Ох", деп ол бір шетіне құлағанда,
Шекен сұм стрелкеге жетіп келіп.
Бұл кезде Шекен сұмырай аласұрып,
Апатқа дайындаған торын құрып.
Катаға мезгілсіз де келді жетіп,
Жатыр еді стрелканы жаңа бұрып.
Аралап жолдың мынау қанатынан,
Тіпті ұзақ жалғыз жанға атпайды таң.
Бой жылытқалы келіп ем деп,
Күзетін жол сұмдықпен сылтау болған.
«Шықты екен қандай состав Аягөзден,
Жан болмай еш нәрседен хабар сезген.
Күйбеңдеп стрелшінің будкесіне,
Шекен сұм кіріп кетті ардан безген.
Катада марш өтті жайлап жүріп,
Алғанша бекітуін ашып құлып.
Парабоз семафорға сигнал беріп,
Арқырап келе жатты ойнақ ұрып.
Шекеннен секем алмай сезіктеніп,
Сөзіне жылпылдатқан көңілі сеніп.
Аралап жолдың бойын келген шығар,
Зерігіп аз да болса біз деп серік.
Катя қызға басқа ой келмей,
Шекеннің жүрісіне түк мән бермей.
Тұрғанда жүз құбылып Шекен сұмырай,
Толқиды жарға ұрынар аққан сендей.
Шекеннің Змейовті сөзі билеп,
Алдында үңіліп тұр сертті минут.
Десті де жау үнінен шыбыт алып,
Сүмірейтіп су түбінен сүйреп алып.
Бұрды да бір істіден марш өтті.
Жетіп келіп екінші жолға бұрды ходты.
Пассажир пойызы тұрған жолдан бұрып,
Тұп-тура жабысқанда сигнал етті.
Ұйтқыған жүйрік состав ойнақ салып,
Ақандар пагорлатып шыққан алып.
Тоқталмай жолда ешбір разъезге,
Станция әлде неше жолда қалып.
Таянып Ақ бұлаққа ұмтылғанда,
Ақан бір алды қарап жолға маңы.
Басылып жасыл күші сермей түс деп,
«Бөгет жоқ!» деп тұрғандай ұмтыл алға.
Аңыратып жеткен сайын Ақ бұлаққа,
Екі көз қадалғанда будкі жаққа.
Катяның касенкасын жел ұйтқытқан,
Желбіреп түспес пе екен деген шақта.
Көзіне әлде қандай бұлдырап от.
Катяның орамалы өзінде жоқ,
Басында стрелка күлімсіреп.
Кетіп еді бірде Катя тұрғандай боп.
Алдаған көз жанарын сықылды елес,
Алыста тұнжырады құба белес.
Ойысып көзі оралып жолға түсті,
Қараса марш оты дұрыс емес.
Дейді де шыққан жоқ па әлі жаны,
Тіл қатпай талып жатқан құрып хапы.
Тағы да Катя қызға Шекен сұмырай,
Сойылды ап ұмтылғанда қайта ұрғалы.
Артынан ұстап алды қарулы қол,
Сермелген Шекен ломы дарымай-ақ,
Қу Шекен қолға түсті құтылмады.
Тап болып аға сержант күзеткен жол.
Абыржып айла таппай тұрғанда ел,
Деді біреу шуламаңдар қарауға бер.
Тезірек қанын тиып етпесек ем,
Аламыз ауырлатып қансыратып.
Жолдастар, дәрігермін қарайын мен.
Деді де бір жолдасы «тез барып кел,
Вагоннан орау құрал, дәрі алып кел».
Кірісті жарасына ем жасауға,
Атақты дәрігер екен бұл жас әйел.
Дәрігерлік вагонда пойыздағы,
Апаттан аман қалған бұл жаңағы.
Аурудың алуан түрлі тілін білген,
Катяның жарасын тез таңдыдағы.
Апарып стансада жатқызды үйге.
Біразда есін жинап келді тілге,
Қылғанын Шекен сұмның айтты үзіле,
Келгенін жылмаң қағып қалай түнде.
Шекенді алып кетті тиісті орын,
Пойыздар өз бетімен тартты жолын.
Маңдайы шағылысып алтын таңмен,.
Бергенде күлімсіреп күнге қолын.
Катясы тіл қатқан соң көңілі тынып,
Ақан да паравозға алды мініп.
Жардан да жауапты істі алды қолға,
Жүйткітіп жолға түсіп, кетті жүріп.
Ақан да аз тоқтаған бөгелісін,
Толтыра перегонде толғап күшін.
Ескектеп эстафетті заулатты ұйтқып,
Қадамын қарыштатты Отан үшін.
Бұл кезде сымды бойлап шаттық хабар,
Ақанның асқан қыран тапқыр ісін.
Жеткізіп Алматыға айтып жатты,
Түскенін жаудың қолға бояп түсін.
Змейов, Шекен сұмдар ескі офицер,
Құбылып түсін бояп сан қан ішер.
Кіргенде түркісіпке бірге кірген,
Түркісіп түскен кезде қарбаласқа.
Қастыққа жалдаған ед шеттен бір ел.
Қожаның тапсырмасын құлы орындап,
Түркісіп құйынды көш ең қиын жер.
Осыған килігуге кіріп еді,
Қастығын қабындата қолдан келер.
Түйіле маршутты зерттеп қарап,
Жолдарын станцияның жатқан тарап.
Өткенде бір күдікке тоқталды көз,
Стрелка бұрылғаны күдікті жақ.
Алдында қос фонары сәуле төккен,
Табандап жолбарыстай қарсы шөккен.
Паравоз составы үлкен сол жолда тұр,
Алғандай ашулы леп аспан көктен.
Маршурт қойылғанын тура соған,
Көргенде бойым аздап суынғанын.
Көз алдын әлде қандай күдік билеп,
Елестеп үлкен қатер, қиналды жан.
Соғылса екпінімен екі пойыз,
Тау кешіп құлағандай қиядан құз.
Пойыз да ана тұрған бейғам жатқан,
Сан мыңдап қаза таппақ ұл менен қыз.
Составты алдындағы аңсыз жатқан,
Сан мыңдап ардақты адам бермекші жан.
Қымбаты қымбаттардың адам өлмек,
Бір емес мыңдап жаннан қан төгілмек.
Шыққанда қатерлі ұран бұл пойыздан,
Тыныштық түн өмірін бірден бұзған.
Пассажир пойызының машинисті,
Қуырылып бар апшысы аңдаусыздан.
Ес қалмай заресі ұшып буыны құрып,
Ала алмай ребрисін артқа бұрып.
Біресе тұрмыз басып, бір сигнал,
Пойызын қозғау қиын артқа сырып.
Аптығып шегіндірген сасқалақтап,
Жіберген олақ түйіп алмай баптап.
Рельстен таймасада толқып барып,
Вагон әрең қалды шайқалақтап.
Тербетіп жүрген пойыз вагон бесік,
Маужырап жатқан қалың ұйқыны есіп.
Вагондар шайқалғанда ішіндегі,
Шошына пассажирлер тұрды иілісіп.
Жүгірді бар адамы стансаның,
Шыққан соң мезгілсізде сақтық сарын.
Бұл кезде Шекен сұмырай сұп-сұр боп,
Біле алмай тұрды ұйлығып не қыларын.
Катя қыз қозғала алмай жатыр сұлап,
Соқпады бірін бірі пойыз құлап.
Машинист көріп қойып марш отты,
Апаттан аман қалды тоқтатып ап.
Ендігі не болады өз тағдыры,
Мына қыз өлмей егер қалса тірі.
Осыны ойлағанда Шекен сұмның,
Шұбырды көз алдынан барлық сыры.
Мінеки бар тіршілік көрген күнім,
Өмірге мен қарабет, мен жексұрын.
Өрт алған өрісімді сұмыраймын,
Не жан бар енді менде аяйтұғын.
Бәрі бір өлі жанмын өмір біткен,
Лыпылықтап қоймайтын көрік біткен.
Онанда бір жауымның қанын ішіп,
Сусынды сімірейін ащы кекпен.
Ер едім ел иесі етек жеңді,
Бақ-даулет абырой-атақ түгелденді.
Дейтіндей аруағын атамның да,
Күңірентпей шекпен киген алып шенді.
Безбүйрек қарамайтын ел бетіне,
Беті де, етті де елім сол нетіме.
Бергендей белден соғып шоңқытқандай,
Шықты алып қалың тобыр желкенді де.
Құрыққа қудалады сырық жалғап,
Ақтарды абыройды алдан малды ап.
Құл-құтан балақтағы басқа шапшып,
Жер судан жексұрын ғып қуды аластап.
Таудай бой тарыдай боп таса қуып,
Көзіме көлеңкемнің өзі суық.
Көрініп салмағым да ебелектей,
Ербеңдеп елес алып жанға жуық.
Келе алмай кек алуға кезек көшіп,
Қасқарып қарсыласар қажыр бітіп.
Қапы іздеп қара түнді қарауылдап,
Түн мынау, өмір мынау жүрмін бүйтіп.
Екі оттың арасында кезек күйіп,
Елбеңдеп екі жаққа кезек иіп —
Бас деген отқа ұстаған бақыраштай,
Шалаға шарпыламын күнде күйіп.
Сеніп ем арыстандай атаман деп,
Змейов әперер деп жауымнан кек.
Оның да күннен күнге әлі бітіп,
Қолынан бар келгені өзімді тек.
Қайдағы қиынға айдап серт қояды,
Сертінен серпілсең-ақ шек қояды.
Отқа түс, орға жығыл тайқысаң-ақ,
Көзіңді жоғалтамын деп қояды.
Онан да бір жадымның қанын мініп,
Сусынды сімірейін ащы кектен.
Ішкі бір бар тіршілік көрген күнім,
Өмірге мен қарабет, мен жексұрын.
Өрт алған өрісімді сұмыраймын,
Не жан бар енді менде аяр бүгін.
Бәрібір өлі жанмын өмір өткен,
Аптықтап...
Сақтығы машинистің сақтап қалған,
Болғызбай жау қастығын көңілге алған.
Отанның адал ұлы қыран көзі,
Құралған жау тұзағын жазбай шалған.
Ақанның тапқырлығы халық тапқырлығы,
Қоршалай таңырқасып ортаға алып.
«Болсаң бол» десті осындай шын қырағы,
Баспайтын жау қақпанын қойған салып.

Түрікменстанға барған сапарында

Сырғытып түн зұлматын таң шапағы,
Бозторғай таң жыршысы әнге салып.
Ұласып таң нұрымен қуанышты үн,
Сақтаулы әр көкейде қалды бұл күн.
Жанда ұлы аман қалып, жабдықта ұлы,
Тілегім арқалатты тағдыр жүгін.
Деп тұрған қалың жұрттың құлағына,
Бұл қандай оқиға деп сұрағына.
Қане біз соған тағы оралалық,
Түсінсін жау қастығын мынау халық.
Жүрген кім, жүгірген кім, қаскүнем кім,
Түнеріп түн жамылып ойран салып.
Жаралы жау қолынан ер қарындас,
Деген үн таң әлемді кетті жарып.
Қалың ел дауыс шыққан жерге жетті,
Келгенде бір жауынгер алға салып.
Бір сұмдық адамшылық бейнесі өшкен,
Тұр еді қолдан ломын жұлып алып.
Түнерген таңнан қашып сонау түндей,
Сырты адам, іші аждаһа сықылданып.
Сурылған айыр тілі сұр жыландай,
Сүлдері сүйретіліп сұмырайланып.
Анталап ашулы жұрт көрді жауын,
Бәріне ажал сайлап құрған ауын.
Бес минут бұдан бұрын әзрейілет,
Құрбаны еді мына тұрған оның қауым.
Ол сұмнан жиркенгендей жердің үсті,
Кісі емес айырқұйрық шаян түсті.
Боп тұрған көп көзіне Шекен сұмның,
Сұмдығы тағы ашылды одан күшті.
Дыбысы әлсіз демі әрең шығып,
Жауыз жау қапылсыта салған жығып.
Катя қыз алдарында жатыр сұлап,
Қан шапшып қара құстан үні бығып.
Қолда кілт, белде рожок, постын бағып,
Жауынгер жол күзеткен жан пида ғып.
Халық үшін, отан үшін құрбан болып,
Қыз қаны таң нұрыңдай тамғанда ағып.
Шыққанда қатерлі ұран Ақан берген,
Гудогі паровоздың көкті керген.
Жүргінші пойезының машинисті,
Түсініп сақтық үні бұрын елден.
Бір емес Шекен тобы тамырлырақ,
Әр жерден ішке кірген басын құрап.
Ашылды бүгін сыры талайының,
Бойында жаңа жолдың еткен тұзақ.
Солардың індеріне шыбық салып,
Сүмірейтіп бекіністен сүйреп алып.
Жатқанда сыры ашылған Змиов сұм,
Бір түнде өзін-өзі бірақ шалып.
Төкті де өз қолынан жауыз залым,
Көк сұрғылт сом денесі қаны жауып.
Құбылып түсін бояп сан қанішер,
Жіберген қастық үшін шеттен бір ел.
Қожаның қолы орындап тапсырмасын,
Ұзарды бүгін маған қып қысқа таң.
Түндегі қандай қиын жүк кезегі,
Деп сұмырай бола қалды жүк баққан жан.
Ертістің долы ағынын ығыстырып,
Сом діңгек қызыл томды шетке сырып.
Шымырлап табанына бетін бойлап,
Тәкаппар палуан домды жақты кіріп.
Алтайдың өр қырынан өктем күшпен,
Құлатып қомша ұшырып айдап түскен.
Малта жүн маржан түсті қызыл тасын.
Сылдырап сылқым сұлу су аймалап,
Күн көзі жел лебіне бермей жалап.
Сақтаған алтынға аптап қызыл құмын,
Суырып сылдыратып ақтарып ап.
Талқандап бауырын жыртып асау судың,
Күшімен гуілдетіп отпен будың.
Астынан жатыр салып алып діңгек,
Ер адам, еңбегі мен асыл тудым.
Деп Ертіс бағынасың біздің күшке,
Өмір бар өрекпіген біздің күште,
Діңгекті бірі орнатып бірі төсеп,
Көпірді сал деп көрінді біздің іске.
Білемісің асау Ертіс талай жанды,
Аямай асау судың қойнына алды.
Қайнаған сан адамның жүрегіне,
Су құйып сөндірдің сен асау қанды.
Білемісің есіңде ме сан қара көз,
Мөлдіреп саған төнген тусын деп кез.
Сырымды ұқ сырласым сен ерке өзен деп,
Мойымай мөңкіп айтып сонау бір кез.

ОН АЛТЫНШЫ жыл
Жабырқап жаздың сұры қашайын деп,
Күз төнген салқын қойнын ашайын деп.
Сұр бұлт түсі суық көкте кешіп,
Дүнияны қыс ашуын шашайын деп.
Көлі жоқ көк иірім сай-саланың,
Жаз көркі жалынып тұр қашайын деп.
Ағаштан жапырақ түсіп, шөптен балақ,
Жер жүзін бір сұрсыздық басайын деп.
Қаңқылдап көлде жүзген қаз бен қу жоқ,
Мұнартып балбыраған жерде бу жоқ.
Сылқылдап көкорайды күліп-сүйіп,
Сылдырап ағып жатқан сайда су жоқ.
Тоқталған сайрауынан тұрған көкек,
Шырлайтын таң бозынан әндеп төпеп.
Жауатын сылдыраған жылы жаңбыр,
Найзағай жарқ-жұрқ етіп жарылып көк.
Қуарған қурай, сасыр сай-салада,
Бозарып шөпте сұрсыз cap далада.
Қыр қуарып, қала азынап, жел-шаң құйып,
Тұрмастай байласа да ит қалаға.
Қаңырап қаңсып тұрған қала түрі,
Екпе ағаш жапырақ құйып түскен бүрі.
Қала үстін жалқау ұшқан қара түтін,
Құлазып ызыңдаған желімен де күр.
Бақшада желкілдеген шөп қалмаған,
Сарғайып сана баспас көк қалмаған.
Келеді ызғарлы қыс жаз кетед деп,
Дамылсыз солтүстіктен жел сарнаған.
Ызындап кең дарадан азынап жел,
Қар түсіп қара қабақ тұнжырап жер.
Шапқылып суық жылан өрден құлап,
Суымен тастай суық таңдай тілер.
Шың басын "Жиренсақал" бұлт қоршап,
Кейде бұлт бусанады төгіп моншақ.
Кейде бұлт жартаспенен қойындасып,
Жатады ертегі айтқан дию құсап.
Сүмірейіп сұры қашып Қарқаралының,
Ашынтып өмір-өңін мал мен жанның.
Әбжылан он алтыншы жылғы күздің,
Түрі осы ел күйзелген мұң мен зардың.
Тарылып ел тынысы еңсе түсіп,
Қамыққан халық шулап қайғы құсып.
Қаладан қатар ұшып қырға ойнақтап,
Жарлықтар жалмауыздай жұртты қысып
Салмап па ед Шестакоптер қатал бұйрық,
Бұйрықтан бұйрық туып жылан құйрық.
Жалмауыз жеті басты бай мен болыс,
Етпеп пе ед ел боздағын шенге сыйлық.
Көкіректің көкейтесті шерін төгіп,
Қыңсылап қырдың желі зарға бөгіп.
Ел үні еңіреген ебелектеп,
Ана үні, ару зары көкті сөгіп.
«Көк ала тұман қаптады,
Ішкен асым батпады.
Мал садақа жан үшін,
Ел тыныш боп жатпады.
Абыралы, Дегелең,
Өрісі бар демеген.
Қайда барса жан қалар,
Келді ғой соғыс тербеген.
Берікқара, Қуменен,
Біраз жүрдік думенен.
Кент кісісін берген соң,
Қалаға шаптық шуменен».
Деп зарлап ел еңіреп, ер қысылып,
Бел байлап кеуде шығар жанды ұсынып.
Зұлматқа төніп келген жай оғындай,
Тура алды құлдық ұрып, қол қусырып.
Кейде кек кемерінен асып лықсып,
Лапылдап өртше өрекпіп қырдан лықсып
Қабынып елдің кегі ереуілдеп,
Қорған ерім, қор болма деп майданға шық.
Ұрандап елдің сүйген ер бал асы,
Тулады кеше момын ел дал асы.
Алғандай бауырына ерін асау,
Халықтың қару алды кәрі-жасы.
Бұлқынып Жарлы суы жарын теуіп,
Өлкесі өрт жүргендей сазы кеуіп.
Көк шалғын көкорайдан жұрдай болып,
Түйіліп суық сұр бұлт зәрін сеуіп.
Сумаңдап солтүстіктен қадалып жел,
Қалбаңдап қаңбақ көшіп сазарып жер.
Күз кеші күңіреніп сұр бейуақпен,
Түн басып қас қарайып түйілген бір.
Жамылып сұр бейуақты түнді бетке ап,
Түйіліп түйдек шоғыр шапқан зулап.
Суырылып сынадай боп қусырылып,
Кезінде түн менен таң түйіскен шақ.
Бір топ қол бекінеді жолды бағып,
Жол құлап болат көздер шамын жағып.
Бұрғылап түннің шыңырау қара өлкесін,
Отырды айналасын тінтіп қағып.
Шылдырлап бір қиырда қоңырау үні,
Елгезек үнді ұшырып жарлы түні.
Ат желіп, арба ойнақтап тастақ жолмен,
Шыққанда-ақ аңдушылар көрді мұны.
Біріне бірі ибамен хабар беріп, —
Ал қамдан, қапы өткізбе, бол,деп берік.
Барыстай бар қайратты қолға жиып,
Күтулі сын миутын ерлікке еріп.
Пау деске пәуескесі мойнын бұрып,
Орта атқа божы қағып шеткі атты ұрып.
Самсаған салт аттылар арба алқалап,
Келеді құйындатып аласұрып.
Жол жақын бейіттің түбін жатыр жанап,
Бекінген бейіттегілер демін санап.
Ашулы арыстан мен аюменен айқасқалы,
"Кел жауым, кезек бер" деп отыр қарап.
Келгенде арба таяп атқа қонып,
Отырған өңкей қыран жауын торып.
Бүйірден тап бергенде тас-талқан боп,
Пауеске аударылды жерге қонып.
Быт-шыт боп салт аттылар тұра қашты,
Тройке тас-талқан қып аты қашты.
Құлаған пауескеден бір-екеуді,
Бас салып бейіттен шыққан жаяу басты.
Сөз алып ақберен де бір-екі рет,
Шығарды жауды жапыра үнін ащы.
Сатырлап салт аттылар үріккенде,
Ерлер де егей төске қамшы басты.
Ат тулап ойран болып арба сынып,
Арба аунап құлағанда есі шығып.
Сақтанған күні бұрын Әбен,
Ақбас Жандәрмен алты атарға оғын тығып.
Алғанша сермелмеді қол қарысып,
Барыстай ер тұяғы қармай қысып.
Сындыра қайырғанда артқа қайырып,
Алтыатар қолдарынан кетті түсіп.
— Әбен сұм суырылады жаның бойдан,
Қабансың ел қанына еркін тойған.
Пристав солдатыңмен санап түйреп,
Салмақ қой сенің ойың халыққа ойран.
Жетпейсің, ол ойыңа жеткізбейміз,
Халық боп қабірің бар қазып қойған.
Деген үн түн бұлтындай түсі суық,
Жалындап ашулы үндер жалғас туып.
Біреулер: "Қолыма бер жайратам",деп,
Біреулер "Алып жүр",деп тас қып буып.
Ақбасты Әбенменен беттестіріп,
Қыл шылбыр қиып буған етке кіріп.
Борпылдақ борсықтардың бос денесі,
Шыпшиды былжыраған қан боп іріп.
Келгенде бұларды алып бейітке таман,
Соңынан жолдастардың лапылдаған.
Дүрсілі қалың қолдың жер дүңкітіп,
Дауыстар түнді түре саңқылдаған.
Атылған бағанағы мылтық үні,
Хабар ед көпке берген жарлы түні.
Болыс пен приставты осы арада,
Халықтың бел байлаған алмақ күні.
Қалың қол тауда отырған хабар тосып,
Мылтықтың үнін естіп шапқан жосып.
Құйылды бейіт үстіне тасқын судай,
Қопарып құба жонды тұяқ осып.
Болғанмен пристав пен болыс қолда,
Түспепті атты солдат қашқан қолға.
Мылтықты қуғыншыға қарсы тосып,
Қалаға қашып берді түсіп жолға.
Қуғыншы өжеттеніп ауық-ауық,
Лап қойды бірнеше рет қарсы шауып.
Мылтықтың жалақтаған оғы иментіп,
Беталды тайқи берді беттері ауып.
Солдатты көп қуған жоқ өршеленіп,
Солдаттар сол бетінде қалаға еніп.
Сол түнде-ақ дүрліктірді қаланы олар,
Оязға болған істен хабар беріп.
Ақырайып Шестаковтің жалғыз көзі,
«Қырамын бар қазақты!», болды сөзі.
Берілді гарнизонға қатал бұйрық,
"Әскерді ап аттансын" деп бас боп өзі.
Келгенде қуғыншылар бейітке оралып,
Болыс пен приставты ортаға алып.
Қалың ел жолтосарға серпіліп ед,
Мойынына екі сұмның шылбыр салып.
Түскендей аздап орта елдің кегі,
Қолда отыр тіс қайраған екі жегі.
Тағдырын екі сұмның қалай шешпек,
Соны айтып талқыға сап кеңесте еді.
Ауып тұр өлтіруге жастар ниеті,
"Қайрауды таста үлкендер жауға кәні".
Деп қайрап егделері басалқы айтқан,
Жалындап өртше өрекпіп кептің беті.
Өмірдің талай ащы дәмін татқан,
Айдалып Сібір өткен бос не хақтан.
Өктем күшін зорлықтың көрген жастар,
Зұлматтың тіс-тырнағы тұтас батқан.
Ішінде осы топтың Түсіп те бар,
Болса да жасы кәрі баршын тартқан.
Түскенде елге салмақ ер жатпақ па,
Ел зары ер жүрегін жалындатқан.
Болса да өзі кәрі баласы жоқ,
Қара күн елге туған ерге батқан.
Қарт қыран атқа мініп алға түскен,
Ой салып елге лажын білмей жатқан.
Жалында, жауыңа шап, жабықпа жұрт,
Қару ал, қапы қалма, оян, аттан!
Деген сөз ерлендіріп елді оятып,
Шоқтанған кек жалынын лапылдатқан.
Қару ап қатуланған ашынған ел,
Жонында "Жолтосардың" шеру тартқан.
Сол топтың ортасында отыр Түсіп,
Толғанар бір кез келіп ойға түсіп.
Алды-артын алыс шолып аз кідірді,
Ел де тұр не айтар деп ойшыл Түсіп.
Тілмары аз Алшынның Өскембайы,
Табақтас тастамайтын бек пен байы.
Болыс, би, приставтің кеңесқойы,
Сарнауық, сайқал тілді, жез таңдайы.
Суырылып елге тоқтау салмақ болып,
«Ойлаңдар, қалай болмақ істің жайы?
Қолда отыр бұл екеуі бүгін міні,
Қазір жоқ барар жері, кірер іні.
Өлтіріп бұл екеуін кек біте ме,
Бір-екі ит өлгенменен басқа ит тірі.
Бұларға ойлаңыздар патша жоқшы,
Қиынға айналмай ма істің түбі
Жас бала, қара қазан қамын да еске ап,
Онан да серт қоялық тастап тірі».
Төркіні шығар сөздің Өсекеңнен,
Белгілі тұрған көпті ойлап кеңнен.
Халықты қайратқа емес, қайраққа үндеу,
Әдеті Өсекеңнің сүтпен сіңген.
Таныған емеурінін епті тілдің,
Бықсытқан доңыз сырын ішкі кірдің.
Тепсініп Өскембайға өжет Өтеп: —
Қорықсаң біздің ішке неге кірдің?
Шық былай, бізден аулақ, ірітпе елді
Әбенге арашашы болғың келді.
Деді дағы ойдағыңды айтшы айқындап,
Деген сөз ел ауызынан шықты зілді.
Ойнақтап отты көзі жалын шашып,
Қалшылдап сұп-сұр болып қаны қашып.
Тұйғындай тұңғиықта қазға шүйген,
Ашудан ақылы шөгіп, иіні асып.
Түйіліп келді Түсіп Өскембайға, —
Сұрқия кешегі ішкен антың қайда?
Бүгін кеп ірітісі салып басалқы айтып,
Суырылып салып тұрсың тілге майда.
Әбеннің қанын ішпей қалай тоқтар,
Әбенге халық кегі азғантай ма?
Көгендеп көген көзін орысқа ұстап,
Бермек боп шенге сатқан сұмырайға.
Сен не деп ара түсіп, араша іздеп,
Сап тұрсың сайқалданып тілге майда.
Деп төніп келгенінде Түсіп жетіп,
Құнысып Өскембайдың есі кетіп.
Байланып самал тілі салбырады,
Жерге еніп тізесіне басы жетіп.
Сол кезде қыл шылбырды тебірентіп,
Алмақ боп ел жүрегін тілмен ерітіп.
Сорасын сорғалатып көзден Әбен,
Сөз тілеп көрмек болды арыз етіп.
«Көпшілік, бұл орынды кінә менде,
Ұлыққа сөз ұстаттым салмай елге.
Тұрғанда ерік өзімде ескермедім,
Екенін тағдырымның елім сенде.
Асқақтап адасқандық тақсыретін,
Отырмын міне тартып болып пенде.
Күнәмді мойыныма алам кеш әлеумет,
Қойса да қай орынға құлмын елге.
Тілегім жалғыз қасық қанымды ки,
Жұрт қайда жұмсаса да барам мен де».
Деді де түсті құлап Әбен зарлап,
Дірдектеп екі көзден жасы парлап.
Солқылдап Ақбас о да егіліп,
Өтірік екі сайқал жылады алдап.
Түйіліп бұларға кеп Түсіп тұрды,
Салмақпен көпшілікке мойын бұрды.
Не айтады бұл тілекке көпшілік деп,
Аужәйын көптің байқап болжап сырды.
Сайқал тіл босатқандай кек кірісін,
Қанына қарайса да ел қайрап тісін.
Өңінен уыт қайтып байғұстардың,
Рахымға ойысқандай көрді түсін.
Түсіпте ескі жаңа кек ұласып,
Рахымсыз қаталдыққа табан басып.
Тұрса да көп райын сезе қалып, —
Айт қауым, тілегіне сөзіңді ашып.
Дегенде көз жасына кейбір сеніп,
Қалғандар дәл бүгінше өлтірмелік.
Тірі ұстап бұл екеуін отырғанша,
Болыстың бар мал-мүлкін алып келіп.
Қатын бала-шағаны қолымызға ап,
Көрелік өз басына ерік беріп.
Егерде айтқанды істеп антқа тұрса,
Ұлықтан алып берсін халыққа ерік.
Босатса солдатқа алмай не қыламыз,
Емеспіз қара жүрек қанға жерік.
Құйылды көп ауқымы осы сөзге,
Баладай алданды да көрер көзге.
Күрсінген көлдей ашу күлдей ұшып,
Кекті жұрт келісімге басты иді.
Қол тартты болыс ауылын шаппақ барып,
Мал-мүлкін қатын-бала бәрін алып.
Арсалап ақ ордасын аруын ап,
Келмек боп ат артына жайдақ салып.
Бармады бұл қуаныш онша көпке,
Кеткендей есіл еңбек болды текке.
Хабарлап Қарқаралыға қашқан солдат
Шестаков бұйрық берген атредке.
Сол түнде Қарқалыда ед Әбдірақым,
Әбеннің ата досы жан қиятын.
Өзінің малайлары қара шыбын,
Естіп ед көтерілген жаманатты.
Бастапты жылқышы Өтеп, Бекбайменен,
Мініпті қолға ұстап бәйге атын.
Шыдамай осы кекке о да аттанды,
Басшы боп төте жолмен апаратын,
Бұл кезде тыңшы болып сонау қолда,
Жүр еді сүйретіліп Қали молда
Жылыстап қарбаласта қашып шығып,
Кіріп ед Қарқаралыға кіріп ол да.
Жеткізіп жатқан жерін қалың қолдың,
Хал-жайын барлық сырын барар жолдың.
Әбенді ауылын қол шабар аттанып,
Көп кісі қаруды алып бөлінгенін.
Тиген соң әтретке мына хабар,
Келген соң жатқан жерін тура табар.
Бір минут бөгелместен шықты тартып,
Пентовка, қол пулемут, көп қару бар.
Қали мен Әбдірахым жүрді бастап,
Жан жолдап тура тартпай шетке із тастап.
Жеткізбей екі қолды бір-біріне,
Қапыда топ бекінді болды баспақ.
Алдымен Әбендерді аман алып,
Сонан соң қойға қасқыр араласпақ.
Шабуға Әбен ауылын кеткен бөлек,
Күдіксіз тік қопара алып келед.
Деп тосып қала жақтан хабары жоқ,
Жау бар деп тап бұл күні бекінбеп ед.
Сақтанбай бейсауат жұрт жатқан шақта,
Кенеттен қоя берді оқ себелеп.
Кенеттен атқан оқтан дегбір қашып,
Аттары қолға түспей босып-сасып.
Құр дырду бір ұғымсыз туды лезде,
Күтпеген бір күшті жау араласып.
Ұйлығып атқан оқтың екпінінен,
Қол дулап серпілгенде бекіністен.
Өскембай жүгіріп кеп Әбендерге,
Байлауын қиып тастап ал "Жөнел" деген.
Әбен де босана сап жан ұшырып,
Сайды өрлеп көп бұтаға кетті кіріп.
Бұларды қапылыста жан елемей,
Ішіне солдаттардың кетті кіріп.
Дүрлігіп серпілгенмен шу дегенде,
Қол есін алды жиып қашқан демде.
Шыққанда Түсіп дауысы халық үйіріліп,
Ұқсады оң-терісті соққан желге.
Бір шеттен Өтеп бастап айқай салып: —
Құр қорқып сыр білдіріп ұйлықпалық.

Жоғарғы кеңес басшысы А. Ниязбеков жазушыны «Халықтар достығы» орденімен марапаттауда

«Қорықсаң қосты талап алма» деген,
Өлсең шейт, өлтірсең қазы болып.
Көреміз не де болса бір айқасып,
Қашқан не аз солдаттан оқтан сасып.
Өтеміз таптап шауып ал жүріңдер,
Дегенде бәрі де атқа қамшы басып.
Лап қойып құйылғанда қарақұрым,
Тіл қатпай бұғып тұрған аңдып бұрын.
Пулемот бытыр қағып қоя берді,
Шапқан қол пулемоттың білмей сырын.
Тәуекел, ажалды өлер қайда болса,
Деп шапқан жау қайдалап халық ұлы.
Түсті орып түсі суық бір жат мылтық,
Қол тобын ыдырата жұлым-жұлым.
Еткенде елдің беті қайта толқып,
Көрмеген мұндай сұмдық бұдан бұрын.
Біреудің аты осқырып, өзі құлап,
Біреудің аты оққа ұшып түсті сұлап.
Біреудің қолы үзіліп, біреудің сан,
Ат кісінеп шыңғырды адам жылап.
Түскендей төңкеріліп аспан жерге,
Туғандай қиямет күн болды демде
Жиылып қалғандарын ала алмады,
Оқ тиіп қол бастаған талай ерді.
Оқ тиіп астындағы Шәйкөзкерге,
Ер Өтеп түскенде ұшып өзі жерге.
Бекбай кеп ат сауырын бергенінше,
Өтепке тағы оқ тиіп түсті жерге.
Бекбайдың қайырылуға халі келмей,
Жауған оқ түсуге аттан мұрша бермей.
Оққа ұшып өжет Өтеп қала берді,
Қапысыз бір айқасып майданға өтпей.
Қолында ағаш сойыл қара бақан,
Мылтықтан алысқа атар құралақан.
Қалың жұрт қанша ерленіп шапқанменен,
Қанды ауыз жау мылтығы қоймайтын жан.
Қайтадан беттей алмай қарсы ажалға,
Халықтың беті қайтып шайлыққанда.
Ішінен іртіткі сап Өскембайлар,
Қашырып жұртты азғырып "Енді барма".
Деп көпті енжар қылып бытыратып,
Құр бекер қырылма деп қанға батып.
Қамқорсып қарбаласта айтқан сөзін,
Қаймыққан жау түсінен жұрт ұнатып.
Түсіпке кейбіреулер қоймай құлақ,
Қорқаққа құр дырдушы қашқан ұнап.
Өзіне серік болар Өтептердей,
Жігіттің бірнешеуі оққа құлап.
Бұларсыз қалың дүрмек қашты шошып,
Алмақ боп елге кеткен топты тосып
Қолдағы барлық қару соларда еді,
Келмек боп қаруланып басты қосып.
Дем беріп мынау жеңіс әтретке,
Қашырды ел үрейін келген бетте.
Бұзғанын ел бекінісін көтерілген,
Сүйсініп бәрі бірдей пулеметке.
Тұрғанда сай ішінен иек артпа,
Бұтаны паналаған қашқан жақта.
Әбен мен Ақбас тұрып көтерді қол
Жүгіріп тыржалаңаш солдат жаққа.
Ойда жоқ тұра ұмтылған екеуіне,
Көрген соң солдаттар да сасып қалды.
Атуға мылтықтарын кезеп-кезеп,
Теп-тегіс жарлық күтіп тұра қалды.
Бастығы атреттің дүрбі салып,
Ақбасты бұлжымастан бірден танып.
Атқызбай солдаттарға берді бұйрық,
Екеуін киім беріп келуге алып.
Қасында офицердің Әбдірахым,
Бір тұр ед о да қолға дүрбіні алып.
Жүгірді танып қалып о да Әбенді
Шапанын үстіндегі жапты барып.
Алған соң Ақбаспенен Әбенді аман,
Офицер одан сайын тасқындаған.
Мақтан қып мылтық күшін елді қорлап,
Қазаққа туғызам деп ақырзаман,
Мақтан қып күшін айтып әтреттің.
— Мінеки, осылайша біздің екпін.
Қойларды қорасынан айдап шығып,
Қырамыз аузына ұстап пулеметтің.
Деп Жүсіп, Әбдірахым, Әбендерге,
Мадақтап құлдық ұрып Әбендер де:
— Өлсек те міне қазір бізде арман жоқ,
Ақ патша бізге тәңір, біздер пенде.
Зеңбірек түсіргенде шалғыша ұрып,
Айызым тұрды қанып, көңілім толып.
Ұмытылды сол минутта, көрген бейнет,
Қолында бассыздардың пенде болып.
Не керек түспей кетті Түсіп қолға,
Бәрін сол бастап жүрген осы жолға.
Әбеннің аяқтатпай қалған сөзін,
Қосылып бір жағынан Қали молда.
— Кеткенмен Түсіп тірі жан серігі,
Оқ тиіп ожар Өтеп түсті қолға.
Сол еді тым өрекпіп басылмайтын,
Қыздырып елді азғырып жасымайтын.
Әбеннің сол сан малы қол жетпестей,
Қоя ма есі қодарларға тасымайтын.
Көретін жаннан артық Шайкөз атым,
Балакер екі бірдей қос қанатым.
Бекбай мен Өтеп сұмырай ұстап мініп,
Басында қайдан шыдап тұрсын дәтім?
Сонан соң шықтым бастап әтретті,
Басуға өр аптығын уақыт жетті.
Және де қалай шыдап тұра алайын,
Сені ұстап әкетті деп хабар етті.
Деп солай солдат күшін Әбдірахым,
Ие боп ұлықтарға өте жақын.
Адал боп Әбенге де бұл достығын,
Түгел қып сыр сабақтап қойды тағып
Сол кезде қолға түскен кісіні атпен,
Барлығын айдап келді әтрәтпен.
Барғандар қол серпіліп жөнелгенде,
Кісі боп жауын жеңіп талқан еткен.
Оқ тиіп оң қолынан кеткен бөліп,
Астынан оқ тигенде Шәйкөз өліп.
Ішінде қолға түскен әскерлердің,
Өтепті Әбдірахым келді көріп.
Қансырап сүйретілген құр сүлдері,
Ғаріп боп қолға түсіп елдің ері.
Құрбақа құлағында ойнамай ма,
Құдыққа құлан түссе жаман жері.
— "Е, батыр, қалай екен оқтың тілі,
Түскенің жақсы болды қолға тірі.
Бақытты ең бірден өліп кетсең егер,
Көресің шын ойынды енді міне",—
Деп күліп жаралы ердің жанын қинап,
Тепті, ұрды, тітіркенбей оқтан қирап.
Үзілген қолынан да, басынан да,
Жығылып жатты ала алмай есін жинап.
Қосылып бір жағынан Әбен сұм да:
Келдің бе, батыр Өтеп ақыр мұнда.
Өлімді алып көрші бүгін өзің,
Жұмсап ең кеше маған тұтқиылда.
Деп ол да ерді қорлап қолмен, тілмен,
Істеді көп қорлығын өзі білген.
Болса да тәні жара, жаны тұтқын,
Жан ба Өтеп жараламас жауды тілмен.
Жауына қанжардай боп жалын жалап,
Қадалып қансырата іштен тілген.
Отты ауыз, орамды тіл ер емес пе,
Орынды жерде орайын айта білген.
— Ей, сұмдар, мен өлгенмен ел өлмейді,
Демеңдер, ел сазаңды бір бермейді.
Мен өлсем мені сұрап алатын бар,
Сендерді өлсең сұрап ит келмейді.
Ұры емен қолға түскен қағын жалар
Ерлерді қолға түскен қатын сабар,
Мынау қан жерге тамған кімді табар.
Осы қан түптеріңе жетпей қоймас,
Кім ішті кімнің қанын сынға салар.
Өлтірсең біз қазымыз, өлсек шейіт,
Бар шығар бір үлкен тез тергеуге алар.
Мен өлсем өлдім анау елім үшін,
Көрсеттім жауға қалың елдің күшін,—
Деді де екі келмей одан әрі,
Ер жатты жерді құшып төсеп төсін.
Өртеген Өтеп сөзі екі жауыз,
Толтыраған ел қанына қос қанды ауыз.
Әмір қып қасындағы жендеттерге,
"Шап" деді қылышпенен, үнін тауыс!
Қансырап жатқан ерге бір сұм келіп,
Жіберді қылышпенен көсіп-көсіп.
Дәрменсіз ердің тәнін езгіледі
Шапқылап сау жақ қолын түсті бөліп
Қиналып ердің әрең шығып демі,
Көзінің бірте-бірте нұры сөніп.
Батысқа бетін беріп түсті аунап,
Ер тәні бола берді жансыз өлік.
Аларда ақтық рет Өтеп демін,
Жұтқанда жұпар сепкен Арқа желін.
Елестеп көз алдына Ажар, Қасым,
Тұрғандай болды көріп түс-бедерін.
Ажары аңырап кеп аймалаған,
Сияқты жау қинаған жара жерін.
Жар қолы жан дәруі сияқтанып,
Тигендей болды тағы ерінге ерін.
Қасымы шырылдап кеп құшқандай боп,
Бауырына бауырын төсеп қысқандай боп.
Жаутаңдап балапаны жанына кеп,
Боп кетті тағы қайта ұшқандай боп.
Ерді көп қинаған жоқ жан әсері,
Үйіріліп бетін сипап Арқа желі.
Бозарып жерді құшып қала берді,
Бұрқанып қанға бөгіп жатқан жері.
Ер тәні жалғыз емес көппен қалды,
Халық үшін қан майданда қиған жанды.
Жанына ап жолдастарын жолбарыстай,
Күйзелтіп ару тәндер жатты маңды.
Жат қинап өлтіргенмен жабыққан жоқ,
Күткендей күлімсіреп атқан таңды.
Жау кетті өлтірдім деп елдің ерін,
Ер жатты мен өлгенмен өлмейді елім.
Ел тірі, жер де тірі, мен де тірі,
Жауыздар ел жазаңды беред сенің.
Бауырында сонау бір сай жолтосардың,
Сол күні болды ұясы мұң мен зардың.
Халық үшін қан майданда ұшқан оққа,
Боялып ер қанымен сан тұлпардың.
Ол сайдың оқиғасын ұмытпайды ел,
Ол сайды "Өтеп өлген" қанды сай дер.
Сол сайдың оқиғасы жас Қасымға,
Айтатын Бекбай жайлап деп ести бер.
Әке өлген, панасы жоқ шеше жесір,
Тентектің ұрпағы деп салған кесір.
Жұртына аш-жалаңаш кеткен тастап,
Қансыз бай Әбдірахым сол күйзеу жыл.
Қаңғыртып жұртқа тастап суық күзде,
Баста үй жоқ, ішер тамақ жапан түзде.
Айтқанда Бекбай сонау сайдың сырын,
Сай емес, қаны қара байдың сырын.
Жалындап жас Қасымның от жүрегі,
Болатын кекке уланып тілім-тілім.
Қалғанда қайырым қашып жұрт сөзіне,
Бекбай ед көріп алған жалғыз көзге.
Сондықтан Бекбай әке, Қасым бала,
Біріне бірі болып құрған пана.
Бір жандай елжіресіп кеткен дос боп,
Сүйіскен махаббатпен жанын сала.
— Жарайды, олай болса маладец деп,
Командир күлімдеді түсін жылытып.
Плимот арбасына мінгізді әкеп,
Әмір, қып әрбіріне бер деп мылтық.
Қол тартты қопарыла жырымды асып,
Жол жыра асулармен талды басып.
Алысып ауыздықпен тұлпарлары,
Жөңкіліп қара бұлттай шықты тасып.
Көк сұрғылт Қарқаралыны мұнар бөлеп,
Андыздап асқарлары бөлек-бөлек.
Бөленіп қоңыр бұйра қарағайға,
Найза шың бұлтқа шырқап көкке төнед.
Созылып, сағым иіп қала берді,
Кеткенде кенттен асып әскер жөнеп.
Құйындап қол алдынан шапқыншы озып,
Жер шалып жауды өкшелей қолды созып.
Үдере күн-түн демей тартып берді,
Өзенін Түңіліктің аттап озып.
Андыздап айдын төгіп Абыралы,
Құшақтап көктем күнін мамырады.
Шымырлап көкке шырқап биік шыңы,
Айды алып аясына жамырады.
Қол асты Абралыдан шықты беттеп,
Банды сұм тартқан екен солай шеттеп.
Асырмай Дегелеңнің деңгейінен,
Бандыға бой жаздырмай болды жетпек.
Жосылып банды жолы тартқан сорап,
Қырғындап жолдағы елді шауып тонап.
Үдере күндіз-түні тынбай тартып,
Қысылып қуған қолдан тоқтап шолақ.
Шолғыншы атредке хабар берді,
Осы кеш Тасбасқанға банды қонад.
Алмақшы аз тыныстап, көлік күйлеп,
Таң атып күн шыққанша сонда болад.
Алған соң бұл хабарды кеңесті штаб,
Қорытынды бір ауыздан болды сол-ақ.
Қалайда осы кеште алу керек,
Бөлінсін қол екіге тастап сорап.
Бастаған Черепандық партизандар,
Бандының шықпақ болды алдын орап.
Артынан кейінгі қол түре тимек,
Банды да артқы қолдан хабар салып,
Сақтанып салиқ тастап, артын шалып.
Бір түнеп тынымдауға осы араға,
Бекінді Тасбасқанға салық салып.
Адырға қалың қойнау қолын шашып,
Топ-топ қып араларын ашып-ашып.
Көрнекті қарауылды бекініс қып,
Біразы тартып берді алдап қашып.
Болжаған партизандар бұл қулықты,
Асынған жау бекінісін көрмей ұқты.
Алыстан орағытып шолғыншы сап,
Бандының алдын орап келіп шықты.
Сезіп қап орағытып келген қолды,
Боратты жанталасып жау мылтықты.
Биіктен борандаған жаудың оғы,
Ерлердің бірнешеуін аттан жықты.
Бастаған Черепандық партизан қол,
Талқандап жау бекінісін салуға жол.
Ат қойып арыстандай шапты дулап,
Тұрғанда оқтар борап оң менен сол.
Банды сұм өршелене оғын төгіп,
Бұрын ап қарауылды қырға шөгіп.
Арнасы "Тасбасқанның" дал-дұл болып,
Қобыратты жер қыртысын тұяқ сөгіп.
Жерден шаң көтерілді көкке тулап,
Жалындап оқ ойнақтап жатты зулап.
Жалындай өрекпіген өрлей шалқып,
Партизан жауға ат қойды бунақ-бунақ.
Кейінгі серпілген қол артын орап,
Ортаға ап жау бекінісін шапты дулап.
Әскердің екпінінен үрейі ұшып,
Бандылар бекіністен қашты шулап.
Сонда да пулеметты айнала атып,
Қылп етсе қырқып түсіп домалатып.
Жауыз жау беттетпеді оқ жаудырып,
Ерлерді кейін қарай салды сырып.
Бұл кезде арттағы қол түре тиіп,
Ұрандап банды тылын кетті киіп.
Банды да пулемоттан оқ жаудырды,
Қолында бұрын алған барлық билік.
Пулемотты кейінгі қол алды құрып,
Үңірейтіп сұм бандыға аузын бұрып.
Ұшырып жау бекінісінің күлін көкке,
Талқандап бас көтертпей жатыр орып.
Үрпиіп үрейі өшкен тынып әлі,
Түсініксіз қанды қырғын соғыс мәні.
Бандының топ бекінісі алынғанда,
Бір жас қыз тұрды орнынан қашып қаны.
Бекбайдың бір қиырдан шалып көзі,
Есіне түсті сорлы кемпір сөзі.
Қапыда қара жүзге тұтқын болған,
Қамарым деп зарлаған көрген өзі.
Кемпірдің осы-ақ шығар сол Қамары,
Сорлының жер күңірентіп айтқан зары.
Өртеген ет жүрегін Бекбайдың да,
Кемпірге қиылып ед ашып жаны.
Жүгіріп келді дағы қызға ойысып,
Қасына жақын келіп аттан түсіп.
Атың кім, айт жөніңді қарындас деп,
Тар жерде қойды сұрақ шұғыл қысып.
Қиылып қыз мүсәпір үрейі ұшып,
Түйілген ер түрінен кетті шошып.
Дегенді атым Қамар әрең айтып,
Талықсып түсті үзіле жерді құшып.
Сол жерде Бекбай сүйеп қыздың басын,
Дудыраған қолмен жинап толқын шашын.
Уәдем бар сорлы анаңа айтқан жолда,
Шошыма бізден мұңлы қарындасым.
Құтылдың тұтқын қолдан енді азатсың,
Дегенде қыз ыршытып көзден жасын.
Біле алмай сенерін де сенбесін де,
Түксиген жадыратып керік қасын.
Жүрекке жылы сөзден түскен іздің,
Лып етіп бетін қунап тұтқын қыздың.
Сол кезде сол өмірге бүлік салып,
Тағы да жауыз қолға билікті алып.
Қайтадан қара күнді туғызбақ боп,
Ерлерін ел қорғаны құрбан шалып.
Қаражүз халық жауы бай мен құлақ,
Қалаға бір кіргенін қару алып,
Сол кезде сол қалада бір кездейсоқ.
Болған бір есіме алдым оқиғаны,
Айтуға алып қалам ал кірістім.
Сүйір тіл деп әуселеңді көрсет кәні.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаниге

  • 0
  • 0

Бір кезде балауса едің сен гүл ашқан,
Деміңнен жан сүйсінте жұпар шашқан,
Аз-ақ күн көрмегелі өтті, Шани,
Қалайша жүзің солып, сұрың қашқан.

Толық

Тракторшы қарындасқа

  • 0
  • 0

Күлім қағып көрінді көктем күні,
Жібек қанат, естіледі жаздың үні,
Азынаған ақ боран қысты қуып,
Жер қуанды думандап күндіз-түні.

Толық

Жасыл жапырақ арасында

  • 0
  • 0

Еседі жел кешкі самал,
Отыр ойнап қос өрімтал,
Жасыл жапырақ суылдайды
Сыбдырлайды көк шыбықтар.

Толық

Қарап көріңіз