Шертолғау – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шертолғау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 770
Бір күні мен
Өзіме өзім
Сыйыса алмастан
Қақ бөліндім:
Сол-сол екен
Өзіме өзім
Жат көріндім.
Біреуі
Олай дейді,
Біреуі
Былай дейді.
Астапыралла! –
Е, Алла тағала,
Өзің кешіре гөр,
Әр қайсысы
Өзін өзі
Құдай көреді.
Аяғын біреуі —
Иығыма! –
Орай артады.
Аяғын біреуі —
Иығыма
Бұрай артады...
Біреуі
Олай тартады,
Біреуі
Былай тартады;
Біреуі жынды,
Біреуі мұңлы...
Ақыры екеуі
Бір-бірімен
Сыйыса алмастан
Мені өлтіріп тынды!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері