Емес пе бәрі бірдей – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Емес пе бәрі бірдей» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 964
Көз жұмсаң ұмыт қалар пенделігің,
Емес пе бәрі бірдей көрдегінің.
Жақсының босағада бағасы кем,
Барлығы бекзат емес төрдегінің.
Білген соң қайта оралып тап бермесін,
Қашанда айту оңай өткенге сын.
Жасырған жұрттан жүзін көлегейлеп,
Сайқалдың кім сыпырар бетпердесін?
Берсе де бір күн ішін, бір күн сыртын,
Құл етер тіршілікке қайран құлқын.
Пейішке шақырса да періште кеп,
Сыбырлар құлағыңа сайтан, шіркін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері