Мазасыз түн

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 720
Шошимын түсіме еніп,
Дәруіштердің сараң ғұмыры.
Ұйықтайды жанарымның ішіне еніп,
Әлемнің бар қараңғылығы.
Қиялдың жүйрік атымен
Барып кеп балашағыма.
Түнеріп тағы да отырам
Бал ашып болашағыма.
Бастайды мені ойға сан
Батқан құндыз – күн.
Тағдыры жайлы толғатам
Аққан жұлдыздың.
Қашан бір осы тұманнан
Айығар алап.
Жетім жер үшін мұңаям,
Айыма қарап...
Сиқырлы самал өсегін
Таратқан лезде.
Талықсып қалғып кетемін
Таң атқан кезде.

2003 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мазасыз түн өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Мазасыз түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мазасыз түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мазасыз түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері