Ертіс бардым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ертіс бардым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 758
Ертіс бардым,
Сыр бардым,
Жайық бардым,
Жайдым жасыл желкенін қайықтардың.
Дариялардың аялы алақаны
Анашымдай әлдилеп, байып қалдым.
Орал бардым,
Қаратау,
Алтай бардым,
Көрем бе деп көргенін қартайғанның.
Алтын ойдың кенінен алып қайттым,
Толтырмаққа ортасын жарты ойлардың.
Батыс бардым,
Шығандап шығыс бардым,
Барғандай-ақ үйіне туыстардың.
Жолыққанда от беріп жүрегімнен,
Жалынына жылындым ұғысқанның.
Адам болып туған соң жер төсіне,
Табиғаттың айналдым еркесіне.
Оңтүстіктің шомылып шуағына,
Солтүстіктің орандым көрпесіне.
Қырлар қанша мен әлі жолықпаған,
Сырлар қанша мен әлі қанықпаған.
Дүниенің қызығын түгендеген
Саяхатшы секілді болып барам...

1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері