Бармағымнан бал ағып – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бармағымнан бал ағып» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4545
Бармағымнан бал ағып,
Мәз болмаған күнім жоқ.
Бір байлығым — балалық,
Кеше болды,
Бүгін жоқ.
Бозай кездің мастығын
Білмейтұғын еркең жоқ.
Бір байлығым — жастығым,
Бүгін бар-ау,
Ертең жоқ.
Бақыт — арман, әрі үміт.
Үміт үшін нүкте жоқ.
Бір байлығың— кәрілік.
Ол біткесін,
Түк те жоқ!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері