Өлең, жыр, ақындар

Адам

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 613
Қазақтың қырына алтын ту қадаған
Октябрь — дарытты кеп жыр да маған
Даламда қызыл арай таңды көрді
Қырық жыл бұдан бұрын туған адам.
Сол жылғы сәби бала — бүгін маман,
Ғылымның ұқты сырын, ұғылмаған.
Құлпырған қырық жасын елім тойлап,
Ашты нарт, күн көзіне гүлін далам.
Халқымның басына бақ ашылғалы,—
Жұлдыздай шыңның биік басындағы
Жарқырап өскен жолы жатыр жайнап
Көрді елім көрмегенін ғасырдағы.
Ту алған Октябрьдің дауылында,
Аға көп аймағымда, ауылымда,
Айтайын қайсысының аты-жөнін,
Аттары осы өмірдің дамуында.
Орыс па, қазақ па — ол,— жағымды адам,
Бәрі бір маған соның жаны ұнаған!
Ғалымның, құрышшының, жұмысшының
Бейнесі бір өзінде жалындаған.
Ол — бейне тұрғандай бір тау басында,
Көзіне Теміртаудың домнасы да
Көрінген — тыңның інжу дәндері де,—
Қазақтың өскен биік тұлғасы да!
Қырық жыл елі — ел боп, күшті іргелі,—
Қырық жыл бойына оның күш кіргелі,—
Қырық жыл парт билеті төс қалтада
Тұр, оның жүрегінің үстіндегі.
Күші сол парт билеттің елімізді
Көгерткен, гүлдендірген жерімізді!
Лениндік құдіретті партиямыз
Өмірде биіктеткен өрімізді!
Мен, сені бала жастан сүйіп, құшқан, —
Ұлыңмын, туған елім Қазақстан!
Сүйемін аспандаған аймағымды,
Дәуірде жерді айнала адам ұшқан!

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талант өлмейді

  • 0
  • 0

Сары жез шірір ақыры
Сандыққа салып бақса да,
Шын алтынды тот баспас
Мың жыл жерде жатса да.

Толық

Қазақ даңқы

  • 0
  • 0

Есімде жабырқаңқы бала кезім,
Әлі де оянбаған бойда сезім.
Қаққанда елге дабыл Ұлы Октябрь,
Халқыммен бірге оянып ашқан көзім.

Толық

Шаңқай

  • 0
  • 0

Мұздай қару құрсанған,
Полктан полк бусанған,
Танкі артынан көп танкі:
Жаудырғалы оқ танкі

Толық

Қарап көріңіз