Басымды салдың-ау сарсаңға – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Басымды салдың-ау сарсаңға» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1426
Басымды салдың-ау сарсаңға,
Жүрегім айналды шаршауға.
Жүйкем де жұқарып барады
Не істейін, не істейін мен сонда?.
Жанымды жедің-ау жегідей,
Дел-салмын.
Жын соққан перідей.
Алдамай, арбамай билейсің,
Сенікі не құдірет, не дүлей?
Билейсің ырқымды,
Сөйлейсің мың түрлі,
Білесің мен білмес
Сиқырлы бір тілді.
Жап-жаңа өзіңнен шаршаған
Жүрек те, жүйке де
Қайтадан тімтінді,
Өзіңе ұмтылды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері