Құс қанаты талса, қонатын шығар – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Құс қанаты талса, қонатын шығар» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2369
Құс қанаты талса, қонатын шығар,
Адам қанаты талса, жүрегі соғатын шығар,
Адам жүрегі құс қанатындай,
Соға-соға ғұмыры қысқаратындай,
Бір күні демалатын шығар...
Құс қанаты талса, қауырсын құйрығымен қонар,
Адам қанаты талса, тағдыр бұйрығымен қонар.
Құс сайрайтын шығар,
Адам ойлатын шығар,
Тоймайтын шығар «қу дүниеге» олар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері