Тәуелсіздік – Райымбекова Мерует

Бұл бетте «Тәуелсіздік» атты Райымбекова Мерует жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.

Тәуелсіздік қазағыма оңайлықпен келді ме?
Біздер үшін боздақтарым қанын төгіп өлді ме?
кетті олар келмейді енді мына жарқын өмірге,
Бәлкім олар қазағымның болашағын білді ме?

Қайсар еліміз, жайсаң жеріміз болар солай мәңгілік
Қасиетті бұл өлкеде туды талай таң күліп
Бурабайым жер жәннәті, Нұрсұлтандай елбасы
Арман барма бұл өлкеде айтшы соны сен біліп.

Тәуелсіздік халқымыздың үлкен, биік мақсаты
Бабалардың аңсап күткен асыл, қымбат арманы
Сол арманға жеттік ,міне, мақтанамын бүгін мен
Баласымын Тәуелсіз ел, қазақ деген халықтың!


Пікірлер (2)

Фарангиз

Өте керемет өлең
Тәуелсіздік күні құтты болсын халқым

Ақерке

Өте керемет өлең

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері