Ақын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ақын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1111
Өз кірпішін өмірге әркім қалайды,
Қалағандар... жерде қалтылдамайды.
Ақын деген – отты жасын, найзағай,
Ал, найзағай күнде жарқылдамайды...
Үнсіз қалса...
Жұрт ойлайды «сөнді» - деп,
Қамытына «ит тірліктің» - көнді деп.
Ол жанғанда, дүние түгел жарқырап,
Ол сөнерде... жарқырайды соңғы рет...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері