Той бастау – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Той бастау» атты Күләш Ахметова жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.08.2018
  • 0
  • 1
  • 6238
Ақ босаға аттадыңдар сәтті күн,
Сезіп тұрмын сезімдердің пәктігін.
Көктемдегі дариядай тасысын
Көптен күткен қуанышым, шаттығым.
Той-думанға шөлдеп қалған екен ел,
Орындалсын айтыстар мен жеке өнер.
Телқозысын тең әлпештеп бүгін бір
Тебіреніп сөйлесінші әкелер!
Ынтымақсыз өнер алға тарта ма,
Бір көріңдер — тағдыр жүгін арта ма.
Қарақтарын батасымен қолдасын
Қарқарадай кимешекті қарт ана.
Айдай екен айналайын келінім,
Құлағына құйып отыр ел үнін.
Екеуіңнің ел-жұртың бар, далаң бар,
Ақтарсыңдар еңбегі мен сенімін.
Қазақ төрге қадірлісін шығарар,
Қашанғыдан төрге құмар жүдә олар.
Екі жастың басына емес,
Көп нәрсе
Сендерге де байланысты, құдалар!
Келін түсті, жаны — шуақ, ойы — гүл,
Көтерілсін достарыңның бойы бір.
Дастарқанға бар байлығын салатын
Дала көңіл дарқан елдің тойы бұл!
Отырсыңдар берекелі бейнемен,
Осындайда қозғайды екен ойды өлең.
Шаттан, жұртым, екі аққудың тойында,
Ойын-күлкі отаны ғой той деген!
Келін, сенің жолың құтты шамамда,
Назарыңды аударып қой маған да.
Түскен жерің — қадірлі жер, біліп қой,
Тегін емес бетіңді ашқан ағаң да!
Жас жұбайлар, кездессе де не күндер,
Мұқалмаңдар, мұратыңа жетіңдер.
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен
Өмір бойы ғашық болып өтіңдер!!!


Пікірлер (1)

Әбжан Инабат

Өте ұйқасын тапқан керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Той бастау өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Той бастау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Той бастау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Той бастау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері