Сыйлар... мейлі сыйламас – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сыйлар... мейлі сыйламас» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 593
Сыйлар... мейлі сыйламас,
Біліп... мүмкін білмейді.
Деген, бабам, «Жиде ағаш -
Өз жерінде гүлдейді»...
Оғың мені жоқ атар,
Тасқа келмей жылынғым.
Бас имейтін тәкәппар –
«Мұңымменен» - сұлумын.
Жуық екен ар, мұңға,
Қиял-қанат көк тілген.
Көрер көзге бармын да,
Көре алмасқа жоқпын, мен.
Мендей аңқау жан бар ма,
Көнбесем де, көнейін.
«Жалған дүние», жалғанға,
Жалған күліп, не дейін?
Тербетемін жыр бөлеп,
Көкірегімді үрлеп от.
Өлеңді кім жазбайды,
«Ақын» болу, бір бөлек...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері