Кеттің ұшып, қалдым жерде – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Кеттің ұшып, қалдым жерде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1651
Кеттің ұшып, қалдым жерде,
Сағынышқа салдың демде...
Сен – көктесің, мен – жердемін,
Сен – періште, мен – пендемін,
Жаутаңдаймын әркімдерге...
Кеттің ұшып, қалдым жерде,
Жаутаңдаймын әркімдерге.
Көкте кімге жолығарсың,
Жерді бірақ сағынарсың,
Тәлкектейді, тағдырға ерме!
Тағдырға ерме, тәлкек етер,
Сені мен ғой еркелетер.
Мүмкін жұрттың не демеуі,
Болма көктің көбелегі
Елтең етер, селтең етер.
Болма көктің көбелегі,
Өзге оттың не керегі?
Ессіз-түссіз бір сезімді,
Еске түсір бір сөзіңді,
Жеке...жеме-жемедегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері