Қатыгездер қайдан шықты ағайын?
- 0
- 0
Қатыгездер қайдан шықты ағайын? –
Толып кетті оңым, солым, маңайым.
Ес жиғанша басып кетті арам шөп,
Тағы тарттық бейғамдықтың сазайын.
Бұл бетте «Әкеге арнау» атты Мұқан Бакир жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қатыгездер қайдан шықты ағайын? –
Толып кетті оңым, солым, маңайым.
Ес жиғанша басып кетті арам шөп,
Тағы тарттық бейғамдықтың сазайын.
Шетте жүріп кездескенде қандасың
Көз қуанар, жаның сергір, аңда сен.
Жүзім жылып сәлемдесем мейірмен,
Қазір таныс, мүмкін кейін жан досым.
Жарамайда жiбек мата төсекке,
Ал тозғанда жабулыққа есекке.
Жамап-жасқап жасыратын иiндi
Бөз бен шыт қой, арзанқолдау десек те.
Құрақ көрпе қандай әсем, қарашы,
Ағын, көгiн, қызыл, сары, қарасын.
Бес боуямен алты шаршы құрапты,
Қандай өнер, тауып тұр ғой жарасым…
Ғабитқыз Қымбат
Мен бұл өленді әкеме арнадым әкеме ұнайды деген сенімдемін.