Өлең, жыр, ақындар

Әке тоны

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1365
Ене-ау, дептi келiнi, түскен жылы
(Ұялады әлi күн айтсаң мұны),
Қыл-қыбырды көбейтiп неге керек
Тастайықшы, ескi зат қайтқан құны.
Енесi де ақкөңiл, қалбалақтап
Келiн сөзiн қосылып қалды жақтап.
Бiрақ әкем бiр сырды айтып бердi,
Жастық қойып, шешемдi алды мақтап.
Ұмыттың-ба кемпiр-ау, мұның жайын,
Қалдың сақтап кезiнде, заман қайым.
Байлық деген бiр түйе, бiр тон екен,
Оны жисаң ар жағы түрме дайын.
Бай деп менi бiреулер соттатқанды
(Ол кез кiмге не түрлi ат тақпады)
Сот үкiмiн шығарып әкелгенде
Қолға iлiнер бiр дұрыс зат таппады.
Жалғыз түйе сойғанда арық шықты
(Аямапты сонда да жарықтықты).
Маған тиiс жартысы – үкiметке,
Жарты етiне үйiмдi қарық қыпты.
Алты қанат бiр үйде кереге бар,
(Жарты үйдiң ал кiмге керегi бар).
Шаңырағын бiр жаққа, есiк басқа,
Нанбағанға куәлiк, дөрегi бар.
Ең соңында қалыпты менiң тоным
(Көп кидiм ғой келгесiн болып жолым).
Орындаушы жас бала, түсiнбеген
Өмiр парқын, бiлмейтiн оңын, солын.
Бөле алмай ол тонды қиналыпты,
Бiраз адам ақылгөй, жиналыпты.
Бiздiң кемпiр, “қу мыстан”, тауып кетiп
Құдай оңдап, өз тонын сыйға алыпты.
Тонды бөлу жарамас ортасынан,
Ал алмауға заңыңнан қорқасың-ау.
Тон не, жүн не өлшейiк, жартысындай
Жүн ал, сенi болмайды жорта сынау.
Соныменен, тон солай қатталмаған,
Арызданса пәлесi оқтан жаман.
Сойған түйе жүнiмен құтылыпты,
Күнаһар тон, бұл әлi ақталмаған.
Әке әзiлi не деген жарасымды-ай,
Тонды шештi тастауға мұрасынбай.
Бiрақ келiн келедi сақтап оны
Жалғызындай, көзiнiң қарасындай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанарыңды сатпашы

  • 0
  • 0

Танытады көп кісіні талтаңы,
Қастарында жандайшабы, жалтаңы.
Бәрі де бар, не іздейді ел кезіп,
Бай адамдар, бар адамдар — қалталы?

Толық

Үстірт жолдары

  • 0
  • 0

Шексіз, шетсіз не деген жол шаңдатқан,
Қанша, қанша менен бұрын жан басқан.
Ен далада көзге түсер көде жоқ,
Анда-санда жолды кесе аң қашқан.

Толық

Құрманғазы күйлері

  • 0
  • 0

Өн бойыңа бал әуен таратылып,
Лаулап, cөніп бал cезім — жаңа, тұнып,
Көрінгенде табиғат анаңдай боп,
Өзің қайта туғандай жаратылып —

Толық

Қарап көріңіз