Қара нар, қара жусан – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Қара нар, қара жусан» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2166
Жарамайда жiбек мата төсекке,
Ал тозғанда жабулыққа есекке.
Жамап-жасқап жасыратын иiндi
Бөз бен шыт қой, арзанқолдау десек те.
…Амалсыздан көндi ме өмiр тезiне,
Мүмкiн, әлде өз еркiмен сөзiне,
Мақсат етпей жарқылдауды жiбектей,
Ұқсап кеткен қазақ атам бөзiне?
Көнбемiз ғой өзгелердi сөкпейтiн,
Өз ұлына орынсыздау өктейтiн.
Қара нары қазағымның дәл өзi –
Мiну үшiн бiр ауыз сөз – “шөк” дейтiн.
Жұмсақ иiн, әдетi жоқ кектейтiн,
Көршi-қоңсы арын әсте төкпейтiн.
Қара жусан қазағымның дәл өзi –
Үсiп жатып, жанып жатып көктейтiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара нар, қара жусан өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Қара нар, қара жусан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара нар, қара жусан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара нар, қара жусан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері