Қанағат – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Қанағат» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1161
Ай, пенделер, пенделер-ай, пенделер —
Қашан рух, қашан құлқың жөнделер?
Байқайсың ба, аз ғұмырды қысқарта
Айың-күнің шыр айналар, дөңгелер.
Бұл жарыққа шықтың болды өтерсің,
Шексіздікке бір нүкте боп жетерсің.
Жерде сүрген жүз жыл ғұмыр — көктегі
Бір-ақ сәттік. Обал, обал — бекер, тым.
Сайтанға ердің, арам іштің — адастың,
Мансап қудың, ар аттадың, таластың.
Мәңгі өмірді, күні ертеңгі ойламай
Құдайсызбен, имансызбен жарастың.
Жаратты Алла сонша байлық біз үшін,
Пенделердің байқап көрші сіз ісін —
Бәрін шашар тақ жолына — қараңдар,
Жан берісер қошқарлардың сүзісін.
Денің де сау ішсең асты шамалап
(Солай етер асыл жанды азамат).
Ен байлыққа ие етер бәріңді
Қолыңдағы ең асыл зат — қанағат!
Босқа жатыр сол қазына алынбай,
Қожа болшы, тегін нәрсе, жалынбай.
Сол "Қанағат" — бар араңды тойдырар,
Тек мойында, табар сосын жаның жай.
Пайғамбарша — Алла сөзін мәнді ғып,
Жүрсең, бұл Жер, Жұмақ болар мәңгілік.
Бір сағаттық өміріңді өткізші,
Бес парызбен, иман жолын сәнді ғып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанағат өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Қанағат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанағат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанағат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері