«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім – Жадыра Байбұланова

Бұл бетте ««Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім» атты Жадыра Байбұланова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім,
Өлең болып барамын өң-кейпі – мұң…
Махаббатты сол шығар, жырлайтыным,
Махаббатқа сол шығар, сенбейтінім…

«Сәлеметсіз…» — жалғыз сөз сенен естір,
«Амансыз ба?..» — мендегі елемес түр.
Тағдыр, саған түк емес екі жүрек,
Егілерін білсең де, ерегестір!

Бәрі мәңгі деуші едік, қалды онымыз,
Бақыттымын сенсіз де — ал, көріңіз:
«Кетпешінің» орнына – «Көріскенше!»
«Сағындымның…» орнына – «Сау болыңыз!»

Жазғанымен қалуды бір жүздесіп,
Тірлік кешіп келеміз — тілсіз кешіп…
Өмір өтіп барады, өкініш — сол,
Сен екеуміз жүргенде «Сіз-Біз» десіп…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім өлеңінің авторы кім?

Жадыра Байбұланова — осы өлеңнің авторы.

«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Байбұланова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері