Жиi-жиi түсiме неге енесiң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жиi-жиi түсiме неге енесiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 953
Жиi-жиi түсiме неге енесiң,
Перiсiң бе,
жынсың ба,
неменесiң?
Екi жаққа екеумiз кетiп ек қой
Бастан кешiп тағдырдың ерегесiн.
Ерегестен жеңiлдiк, сен де, мен де,
Əзiз жүрек əйтпесе сенделер ме,
Бақыттылар бағында жүрмес пе едiк
Жел сөзiне бiреудiң ермегенде.
Амал қайсы, бəрi де кеткен өтiп,
Өкiндiрiп,
Өксiтiп,
Өкпелетiп.
Көз жасыңның өтерде өзенiнен
Өткен күндi келемiн өткел етiп!
Жар жанында деп едiм тынығармын,
Жарым түнде төсектен жұлып алдың.
Өзiң емес, кездесiп елесiңмен
Есiгiмнiң алдында жүрiп алдым.
Жиi-жиi түсiме неге енесiң,
Мазалаудың сезсең де жөн емесiн?
Түн жамылып келетiн төсегiме
Перiсiң бе,
жынсың ба,
неменесiң?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиi-жиi түсiме неге енесiң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жиi-жиi түсiме неге енесiң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиi-жиi түсiме неге енесiң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиi-жиi түсiме неге енесiң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері