Болды ғой сыз өткендей табанымнан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Болды ғой сыз өткендей табанымнан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 587
Болды ғой сыз өткендей табанымнан,
Қар жауды, қалқам, неге қабағыңнан?
Мен де бір нəзік гүл ем...
Суық сорып,
Үзіліп түссем неттім сағағымнан?
Жылуын жанарыңның жиып алып,
Əп-сəтте кетпек пе едің үйіңе алып?
Қараймын
қабағына жаутаң-жаутаң,
Көзіме қоңыр мұңды құйып алып.
Шанасын аяз толы атқа байлап,
Арадан өткені ме ақпан ойнап,
Қалайша бір уыс боп қалар мынау,
Жайылып етек-жеңі жатқан аймақ?
Шытпашы қабағыңды,
өтінемін,
Онсыз да көлеңкелі көкірегім.
Көміліп көк теңізге қалмай ма əлем,
Төгілсе шарасынан екі көлім?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болды ғой сыз өткендей табанымнан өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Болды ғой сыз өткендей табанымнан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болды ғой сыз өткендей табанымнан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болды ғой сыз өткендей табанымнан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері