Жайлау таңы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жайлау таңы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 958
Арайлап баяу ағарып атқан,
Самалы таңның еседі жайлы.
Малынып нұрға көк торғын аспан,
Үлбіреп ақ бұлт бүркейді айды.
Әлемді бөлеп шапаққа нұрлы,
Күн әрбір үйдің есігін қақты.
Тыныққан ауыл түндігін түрді
Оянды таңғы ұйқыдан тәтті.
Маңырап төлдер, дуылдап адам,
Болды азан-қазан ауылдың үсті.
Құндыз жеңешем жүр бағанадан,
Бұйрықтар беріп, басқарып істі.
Кетерді будақ аспанға шанды,
Тысырлай басқан сансыз көп тұяқ.
Алды асып қырдан, өзенге барды,
Мал өрді балғын өріске шұбап.
Жай басып кейін беттеді Құндыз,
Қонбақшы дайын ерттеулі атқа.
Күнменен ойнап төсінде жұлдыз,
Жөнелді желіп шабындық жаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайлау таңы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жайлау таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайлау таңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайлау таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері